Атырау, 9 мамыр 04:07
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Коронавирус пен жылдамдықты сағатына 30 шақырымға дейін шектеу арасындағы байланыс қандай?

3 749 просмотра

Жақында «Urban Forum Kazakhstan» қоғамдық қоры коронавирусқа шалдыққан науқастардың төсек қоры 90%-дан асатын еліміздің қалаларында көлік жылдамдығын сағатына 30 км-ге дейін шектеу туралы ұсыныс жасады. Атырауда 90 емес, 100 пайыздан асады. Бірақ бұл жерде қандай байланыс бар? «АЖ» тілшісі қор сарапшысы Диас МАРАТҰЛЫМЕН тілдескен еді.

- Иә, біз көлік қозғалысының  максималды жылдамдығын сағатына 30 км-ге дейін шектеуді және барлық жылдамдық өлшеуіштерді осы көрсеткішке сай қайта орнатуды ұсынамыз, - дейді Маратұлы. - Мұндай шара Алматы мен Нұр-Сұлтан үшін өте маңызды, өйткені қазір ол жерлерде бәрі бірдей дер кезінде медициналық көмек ала алмайды. Білуімізше, осындай проблема Қазақстанның батысында да байқалады.

- Ал коронавирус салдарынан аурухананың лық толуы мен жолдардағы жылдамдықты шектеу арасында қандай байланыс бар?

- Жылдамдық аз болса - жазатайым оқиғалар аз болады, демек, жарақат алатындар да аз және қазір онсыз да жұмысы ауыр дәрігерлер үшін қосымша жұмыс та аз болады деген сөз. Міне, логика осындай.

- Неліктен сағатына 30 шақырым? Жүргізушілер үшін өте баяу ғой.

- Қазіргі жағдайда түбегейлі әрекет ету керек деп есептеймін. Айтпақшы, бұл логиканы біз ғана басшылыққа алмаймыз. Мәселен, Вашингтонда 1 маусымнан бастап жылдамдық сағатына 20 мильмен (32,19) шектелді, Жаңа Зеландияның Окленд қаласында 30 маусымнан бастап сағатына 30 км шектеу енгізіледі.

Қоғам белсенділерінің бұл ұсынысы қаншалықты шындыққа жанасатынын айту қиын. Бірақ сәуір-мамыр айларында көлік қозғалысына енгізілген карантиндік шектеулер ауыр апаттардың санын едәуір азайтты. Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, жыл басынан бері Атырауда 29 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 6 адам көз жұмып, 30 адам жарақат алған. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 71 жол-көлік оқиғасы болып, 10 адам қайтыс болған, 82 адам жарақат алған.

Фархат ӘБІЛОВ

27 маусым 2020, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.