Атырау, 6 мамыр 14:40
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Харе Кришна» туралы «AЖ» мақаласы АҚШ мемлекеттік департаментінің назарына ілікті

3 310 просмотра

10 маусымда АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті 2019 жылғы әлемдегі діни бостандық ахуалы туралы жылдық есебін жариялады. Бір қызығы, баяндамада өткен қыста жергілікті «Атырау Кришна санасы қоғамы» діни бірлестігінің мүшелерін қудалаған атыраулық полицейлер де айтылыпты.

Естеріңізге салсақ, осы жылдың 3 ақпанында Атырауда жергілікті «Атырау Кришна санасы қоғамы» діни бірлестігінің алты мүшесі дістүрлі «Харе Кришна» мантрасын айту үшін жиналған еді.

Алайда сол кезде пәтерге Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кіріп келіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы (Заңнамада дiни жораларды, рәсімдерді немесе жиналыстарды өткізуге белгіленген талаптарды бұзу) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырды.

«АЖ» сайтында жарияланғаннан кейін Дін істері басқармасы Қоғам мүшелерін әңгімелесуге шақырып, соңында іс тоқтатылды. Мемлекеттік департамент баяндамасындағы тармақтардың бірінде біздің осы мақалаға сүйенген.

Баяндама авторлары Қазақстандағы жағдайды талдай отырып, елде «дәстүрлі емес» деп жіктелген діни топтардың құқығын шектеу жалғасып жатыр деп атап өтеді. Мемлекеттік департаменттің баяндамасында, сондай-ақ, АҚШ елшісі, діни азшылық істері жөніндегі арнайы кеңесші және басқа да лауазымды тұлғалар Қазақстан үкіметін діни сенім бостандығын сақтауға шақырғандығы айтылады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметтері бойынша Қазақстандағы діни ахуал туралы толық ақпаратты мына жерден табуға болады.

Фархат ӘБІЛОВ

15 маусым 2020, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.