Атырау, 6 мамыр 13:53
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бір түндегі екі өрт

3 428 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет

12 маусымнан 13-іне қараған түні Атырауда қатарынан екі өрт оқиғасы болды. Май ауыстыру пункті мен қала маңындағы ауылда үйлердің бірінің ауласында уақытша баспана түгел өртеніп кетті.

Алмагүл ықшамауданында май ауыстыру пунктінде өрт болып, нәтижесінде дүкен қоймасы түгі қалмай өртенді.

- Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. - Өрт жалыны жанында орналасқан мейрамханаға өршіп кете жаздады, бірақ қызметкерлеріміз бұған жол бермеді.

Содан кейін ТЖД-ға қала маңындағы Еркінқала ауылында өрт шыққаны туралы шұғыл қоңырау түскен.

- Ол жерде уақытша баспана өртеніп, өрт сағат 01:40-та ауыздықталып, 02:10-да өшірілді, - деп ТЖД.

Бағына қарай, түнгі өрт оқиғаларынан ешкім зардап шекпеген.

Фархат ӘБІЛОВ

14 маусым 2020, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.