Атырау, 6 мамыр 14:08
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бекіре өсіру зауыттары не дайындады

3 372 просмотра

Биылғы көктемде Атыраудағы екі бекіре өсіру зауыты 289 өндіруші балық дайындады. Олар – 1 наурызда ауланған, салмағы 148 кг болатын аналық қортпа, 15 бекіре, 252 шоқыр мен 21 дана сүйрік. Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ хабарлағандай, шабақтарды Жайыққа жіберу шілдеге жоспарланған.

Қара балыққа келер болсақ: көктемгі балық аулау маусымында Жайық, Қиғаш өзендері және Каспий теңізінде кәсіпшілік балық аулау кооперативтері 6492 тонна балық аулаған. Балық қорларын пайдаланғаны үшін мемлекет бюджетіне 121 млн-нан астам теңге түскен.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

13 маусым 2020, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.