Атырау, 6 мамыр 16:25
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сасықсай енді жабыла ма?

3 293 просмотра

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ Атыраудың сол жақ жағалауына арналған кәріздік тазарту құрылғысы (КТҚ) кешенін салу барысымен танысты.

Әкімдікте хабарлағандай, қазіргі кезде нысан бойынша негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, технологиялық жабдықтар құрастырылуда. Нысанды пайдалануға беру биылғы қыркүйекке жоспарланған. Естеріңізге салсақ, сол жақ жағалаудағы КТҚ көптен бері сақалды құрылыс тізімінде тұр. Жобалау-сметалық құжаттама 10 жылдан астам уақыт бұрын жасалғанымен, құрылысы 2017 жылы басталған. Құны 10 млрд теңге нысанды «Павлодар өзен порты» АҚ салып жатыр.

КТҚ кешеніне бас кәріз станциясы, тазартылмаған ағындының арынды коллекторы, кәріздік тазарту құрылғысы, тазартылған ағынды коллекторы, сондай-ақ биологиялық тоғандар мен булану алаңдары кіреді. КТҚ-ның жұмыс қуаты – тәулігіне 70 мың текше метр, ең жоғарғы қуаты – 100 мың текше.

КТҚ кешені іске қосылғаннан кейін көп жылдар бойы қала тұрғындарының наразылығын туғызып келе жатқан «Сасықсай» тұндырғысы жабылады. КТҚ іске қосылғаннан кейін ағын сулар легі булану алаңына құйылмас бұрын толық тазарту циклінен өтіп, осылайша жерасты сулар, топырақ пен ауа тазарады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 маусым 2020, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.