Атырау, 20 мамыр 03:32
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Динадағы құл" еліне оралды

6 126 просмотра

"АЖ" мұрағатынан

Ауылдас бір отбасы Атырауға әкеліп, құлдыққа салып, «Дина» базарында қайыр сұрауға мәжбүрлеген шымкенттентік мүгедек Анатолий САЯПИННІҢ кейінгі тағдыры үнемі назарымда еді. Бір ай бұрын ол қаладан кетіп, өз еліне оралыпты.

Осы жылдың сәуір айында ол кездейсоқ өтіп бара жатқан мейірімді адамнан көмек сұрап, оның түсірген бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен таралған болатын. Полиция қызметкерлері оны «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына» орналастырып, «бас бостандығынан заңсыз айыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кейінірек мен онымен сол орталықта жолықтым, біраз сөйлестік. 29 жастағы жігіт туа бітті мүгедек екен – дүниеге келгенгенде екі аяғы болмаған. Ал 10 жасқа толғанда анасы оны мүгедек балаларға арналған интернат-үйіне тапсырған. Тағдыры осындай.

Жақында мен Толикпен тағы да жолқыпақ ниетте оны іздестіргенмін. Бірақ тамыз айында оны бұл орталықтан Қарттар мен мүгедектер үйіне ауыстырған екен. Кейін тура бір ай бұрын өзінің туған жері Шымкентке кетіпті.

- Біз Анатолий Саяпинді 29 тамызда қабылдадық. Ол тыныш, жақсы тұрғын болды. Ноутбуктен фильм көруді ұнататын, кейде түні бойы телефонда отырады, - дейді орталық басшысы Қилымқас КҮЗЕМБАЕВА.

- Оның ноутбугы және телефоны болды ма?

- Иә, қайдан екенін білмеймін. Бізде мұндай заттарды пайдалануға тыйым салынған жоқ. Керісінше, адамдар бірдеңемен айналысқаны жақсы.

- Оған біреу келіп тұрды ма?

- Ешкім келген жоқ. Шәй үстінде басқа тұрғындармен сөйлескенді жақсы көретін. 

...Екі айдан кейін Анатолий үйіне кетуге асықты. Осындай мекемелердегі тәртіп бойынша «өз еркімен» өтініш жазды. Шымкентке дейін пойызға билет алып беруімізді өтінді де, 12 қарашада жол жүріп кетті.  

- Барлығы үшін рахмет, бірақ еліме оралғым келеді, сонда өмір сүремін, - деді орталық қызметкерлеріне қоштасар сәтінде.

Ал «АЖ»-ға белгілі болғандай, құлдыққа қатысты қылмыстық іс тоқтатылыпты. 

Фархат ӘБІЛОВ

9 желтоқсан 2019, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.