Атырау, 26 сәуір 16:43
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Өзбекстанда көліктердің терезесін «қараңғылауға» рұқсат берілді

1 392 просмотра


Өзбекстанда 2018 жылғы 1 тамыздан бастап ақылы түрде көліктердің терезесін қараңғылауға рұқсат етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ӨзА-ға сілтеме жасап.

Өзбекстан үкіметі терезесіне "тонировка" жасалған жеңіл көліктерді пайдалануды реттеу шаралары туралы қаулы қабылдады. Оған сәйкес, 2018 жылғы 1 тамыздан бастап «қараңғы тереземен» жүруге рұқсат беріледі. Көліктердің терезесіне тонировка жасау қызметін Ішкі істер министрлігінің жанындағы «Инновациялық жобалар және тұрғындарға сервис қызметтерін көрсету» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны ұсынады. Қызмет ақылы. 

Ол үшін Мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің 1 жылға берілетін рұқсат қағазын алу қажет. Артқы терезені 95 процентке дейін, ал артқы есіктердің терезелерін 30 процентке дейін тонировка жасауға болады. Тонировка жасалған шетелдік көліктердің иелерінен Өзбекстанға кіруі үшін енді 15 АҚШ доллары мөлшерінде алым алынады.

Өзбекстандық жеке тұлғалар көлігінің терезесін «қараңғылау» үшін ең төменгі жалақының 90 есесі (16 587 000 сум), заңды тұлғалар 120 есе, ал шетелдік заңды тұлғалар 140 есе мөлшерінде ақы төлейді. Айта кетейік, Өзбекстанда 2018 жылғы 15 шілдеден бастап ең төменгі жалақы 184 300 сум деп белгіленген.  

Дереккөз: inform.kz

20 шілде 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.