Атырау, 27 сәуір 06:44
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Никарагуада 10 мыңдаған адам президентке қарсы шеруге шықты

2 476 просмотра


Никарагуа астанасы Манагуада президент Даниэль Ортеганың үкіметіне қарсы наразылық шеруі өтіп, ондаған мың адам көшеге шықты. Акцияға қатысушылар биліктен кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді сұрап, зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті. 

Шеру кезінде полициямен қақтығыс болғаны туралы ақпарат жоқ. Бірақ Моррито елді мекеніндегі акция кезінде 4 адам көз жұмған. Шеруді ұйымдастырушылар бүгін жалпыұлттық ереуіл өтетінін де жариялады. 

Ал соңғы мәліметке қарағанда, 2 жарым айдан бері жалғасып келе жатқан шерулерден қаза тапқандардың саны ұлғайып, 351-ге жетті. Тағы 2 мыңнан астам адам жарақат алған. Никарагуадағы осы ахуалға байланысты Америка елдері ұйымы бүгін шұғыл жиын өткізбек. 

Еске сала кетейік, Никарагуадағы наразылық шеруі сәуірдің 18-і күні үкіметтің әлеуметтік сақтандыру саласын реформалау туралы шешімінен кейін басталды. Осыдан соң президент Даниель Ортега бұл реформаны жүргізуге тыйым салды. Бірақ ашынған халық тоқтамай, президенттің биліктен кетуін талап етіп жатыр. 

Джоана Матус, шеруші: 

- Мен елде әділдік орнанғанын қалаймын. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер өте көп. Адамдар көшеге шығып үкіметке өз көзқарасын білдіргені үшін қуғын сүргінге ушырап отыр.

Дереккөз: 24.kz

13 шілде 2018, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.