Атырау, 26 сәуір 23:06
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алматыда дау тудырған алып тиін сатуға шығарылды

1 625 просмотра


Хабарландырудың авторы арт-нысанды 25 миллион теңгеге бағалады. Әзілқойлар Алматының "Атакент" алаңына орнатылған Алекс Ринслердің 12 метрлік мүсінін "сатуға" қойды.  

Тегін жарнамаларға арналған танымал сайтта "12 метрлік тиінді сатамын" деген тақырыппен хабарландыру жарияланды.

Желіде алматылық Тиін сатылатыны туралы хабарлама жарияланды

 Хабарлама авторы мүсінге 25 миллион теңге сұраған. Бұған дейін автор арт-нысанды 23 миллион теңгеге немесе 67 мың долларға бағалаған еді. Ол әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұрт мүсінге осыншама қомақты ақша жұмсалғанына наразылық білдірді.   

Қолданушылардың бірі жасырын түрде күлкілі шағын блок ашып, Тиіннің атынан арандатушы және әдепсіз хабарламалар жазып жатыр.

Осындай жағдай өткен жылы ЭКСПО-2017 кезінде болған еді. Ол кезде халықаралық көрменің басты нысаны – "Нұр Әлем" сферасы "сатуға" шығарылды

Дереккөз: sputniknews.kz

12 шілде 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.