Атырау, 27 сәуір 04:58
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Думан-той ғана емес

2 900 просмотра


28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні – Д. Нұрпейісқызы атындағы мәдениет үйінде Атырау облысы журналистерінің жалпы жиналысы өтті. Жиын барысында қаламгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтауға өңір басшысы Нұрлан НОҒАЕВ та келді.

Кейбір бұрынғы редакторлардың пікірінше, дәл осы жиналыста көптеген жылдардан бері алғаш рет кәсіби байқау өткізу жөніндегі комиссия түрлі номинациялар бойынша бәйгеге қатысуға көптеп жіберілген мәтінді жарияланымдар мен фото-видео материалдарды нақты да объективті талдап, жеңімпаздар жария етілген. Жергілікті жазушы-түсіруші ағайындардың жұмыстарына нақты анализ істеу үшін комиссия мүшелеріне екі аптадай қызу да қиын еңбек қажет болды.

Айтпақшы, өткен аптаның демалыс күндері түрлі БАҚ және баспасөз қызметі қызметкерлері өзара спорттық сайыстар өткізді, қалалық әріптестеріне 7 ауданнан келген газетшілер үлкен бәсекелестік көрсетті, соның бір айғағы, шахматтан бас ақшалай жүлдені индерліктер иеленді.

Журналистика ардагерлері Айтқали НҰРҒАЛИЕВ, Жандос ЖАНҚУАТОВ, Қаржаубай СҰЛТАНҒАЛИЕВ, Құттыгерей СМАДИЯР «Қазақстанның құрметті журналисі» атағына ие болып, куәлік пен медальдар табыс етілді.

Жеке ақпарат

29 маусым 2018, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған