Атырау, 26 сәуір 23:26
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: 10 адам зардап шегіп, үшеуі қаза тапты

2 435 просмотра


Сарыағаш-Шымкент тас жолында "Мазда" мен "Sang Yong Istana" микроавтобусы соқтығысқан. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы аумағында, Рабат ауылының маңында ірі жол апаты болды. Салдарынан үш адам көз жұмып, оны зардап шекті, деп жазады otyrar.kz.

Алдын ала деректер бойынша, микроавтобустың ішінде 10 адам отырған, оның төртеуі – Өзбекстан азаматтары. Жол апаты салдарынан үш адам мерт болды. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл автокөлік микроавтобусқа соғылған кезде, ол жыраға түсіп кетіп аударылған.

"Шымкенттің жедел медициналық жәрдем ауруханасына Қазығұрт ауданында жол апатынан зардап шеккендер түсті. Жеңіл жарақат алған төрт азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Қазір олар амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Үш адам – жансақтау бөлімінде, тағы екеуі травматологияда", — деді Шымкент жедел медициналық көмек ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Алмас Байбеков. 

Жол апатының себептері мен кінәлілер анықталуда. 

Қаза тапқандардың денесі мәйітханаға жеткізілді.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 маусым 2018, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.