Атырау, 27 сәуір 05:52
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Жер игерілмесе, кері қайтарылады»

4 246 просмотра


Жыл басынан бері Атырау облысында жер учаскелерін заңсыз иемденіп алған және өз мақсатында игермей отырған 87 жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 10 миллионнан астам теңге айыппұл салынған. Бұл туралы жердің пайдаланылуы және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Гүлзия ҚҰРМАНОВА брифингте айтты.

Оның айтуынша, жерді өз мақсатына сай пайдаланбағаны үшін игерілмей жатқан 320 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне шара алу жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Мысалы, Махамбет ауданы бойынша жалпы ауданы 289 гектарды құрайтын 4 жер учаскесі және Индер ауданындағы 80 гектар болатын 1 жер учаскесі мәжбүрлеп алынды. 

- Индер ауданындағы карьерлерден құрылыс құмын тиеп шыққан ауыр көлік иелері артық салмақпен трассада жүруге тыйым салынғандықтан, ауыл маңындағы жайылым жерлермен жүреді. Мұны қалай бақылауға аласыздар? 

- Жер учаскесін заңсыз бүлдірген, шаңдатқан немесе табиғатқа заңды кеселін тигізген қандай да бір заңды және жеке тұлғалардың толық мәліметі анықталса, нақты шара қолданамыз. 

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

Суретті түсірген автор

18 маусым 2018, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.