Атырау, 22 маусым 00:27
Түнде ашық+17, таңертең +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 341.18  € 392.97  P 5.34

Мәдениет үйінің мұнаралары  

12 маусым 10:00


Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылындағы 2017 жылы құрылысы басталған 400 орындық мәдениет үйінің жұмысы іргетасы қаланған күйі тұрып қалды. Бүгінде ол жерде күзетшіден басқа жанды кездестірмейсің. Ал мәдениет қызметкерлері көптеген жылдардан бері жергілікті мектептің бір бөлмесінде отыр.

Облыстық бюджеттен 301 млн теңге бөлінді, тапсырыс беруші – құрылыс басқармасы. Бас мердігер – көрші Ақтөбе облысында тіркелген «Авто Строй Консалтинг» ЖШС осы соманың 100 миллионнан астамын игерген.


Облыстық құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы  Мерей ЖАНТӨРЕЕВ:

- Басында нысанды 2018 жылдың бірінші жартысында тапсыру жоспарланған еді, кейін бұр мерзім тамызға шегерілді.  Алайда мердігер мекеменің жұмысты нашар ұйымдастыруына байланысты бәрібір бұл мерзімге үлгермейді. Нысанды уақытында тапсырмаса, мердігерді жосықсыз тану жөнінде сотқа талап арыз береміз. 


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

476 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Үйсіз мәдениет  912 рет қаралды

Сара Оразова: Дәрі-дәрмек бағалары бақылауға алынады  817 рет қаралды

Шығыс жұлдызы  1412 рет қаралды

Жылы болу үшін  1114 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6