Атырау, 26 сәуір 19:16
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін мәңгі басқармақ», «Әлеуметтік желідегі кідіріс министрді күмілжітті», «Қазақ елінің зейнетақы жүйесі», «Сәкен қызыл партизандар қатарында болған ба?», «Рейтинг 40%. Ердоған дәуірі аяқталуға жақын ба?».

1 735 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Әлеуметтік желідегі кідіріс министрді күмілжітті» - Қазақстандық қолданушылар әлеуметтік желілерге кіру қиындыққа кезігіп отырғанын айтады. Кей қолданушылар мұның себебін ықтимал тосқауылдан көрсе, Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәселені "техникалық ақаумен" байланыстырды.

«Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін мәңгі басқармақ» - Мамырдың 31-і күні Қазақстан парламенті сенаты президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасын мақұлдады.

«Аралдан көтерілген тұз аймақ елдеріне тарады» - Арал теңізі жақтан тосыннан соққан тұзды дауыл онсыз да табиғаты қиын өңірдің тұрғындары мен ауыл шаруашылығына қауіп төндіретін экологиялық апат туралы ескерту жасағандай.

INFORMBURO.KZ. «Айту да, есту де қиын. Зұлмат статистикасы мен деректер, ашаршылық нәубетінен аман қалғандардың естеліктері» - ХХ ғасыр басында үш рет ашаршылық пен қуғын-сүргіннен қазақ халқы 70-80% жоғалтты. "Адамшылықтан айырыла жаздадық". Нәубет жылдарынан қанды, шерлі естеліктер.Астанада пәтердің бағасы биыл қалай өзгерді?» - Пәтерді қай кезде алған дұрыс? Бағасы қай уақытта шарықтайды? Жылжымайтын мүлік нарығындағы бүгінгі жағдай? Осыны талқылап көрсек.

AIKYN.KZ. «Қазақ елінің зейнетақы жүйесі» - Әр адам қарттық келген шақта бейнетінің зейнетін көргісі келеді. Бойдан – қуат, қолдан – күш кеткен уақытта, қазақстандықтар еңбегінің жемісі ретінде зейнетақысын жеткілікті деңгейде тұрақты алуы үшін ел үкіметі 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізді. Бұл ретте Чили елінің зейнетақы жүйесі негізге алынғаны белгілі.

«Сәкен қызыл партизандар қатарында болған ба?» - Алаш арысы Сәкен Сейфуллиннің бүкіл Ресейді дүр сілкіндірген Октябрь дауылы мүлгіп жатқан даланы да дүр сілкіндіріп, бостандық үшін күрестің алдыңғы шебінде болғанын қалың жұртшылық біледі. 

«Ертегі королінің арманы» - «Менің өмірім құдды ертегі секілді». Бұл – әлемнің атақты ертегішісі Ханс (Ганс) Андерсеннің сөзі. 156 ертегі жазып, әлемнің 80 тіліне аударылған Андерсен неге өзін ертегіші деп санағанын қалаған жоқ?

BAQ.KZ. «Рейтинг 40%. Ердоған дәуірі аяқталуға жақын ба?» - Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. 

«Головкин-Альварес жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін бе?» - Өткен жылдың қыркүйек айынан бері күрмеуі шешілмей, ортақ бір шешімге келе алмай жатқан Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы қарымта айқастың өту-өтпеуі қоғам арасында қызу талқыланып жатыр.


1 маусым 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.