Атырау, 27 сәуір 04:29
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 925 просмотра

ТАЕКВОНДО


Вьетнам астанасы Хошиминде Азия чемпионаты өтті. Паратаеквондошылар жекпе-жегінде Атырау спортшысы Нұрлан Домбаев алтын алқаны жеңіп алды.

Бұл оның екінші рет Азия чемпионы атануы. Нұрланды бапкерлер А.Касаев пен Б.Төребаев дайындады.


* * * * *


Павлодарда таеквондодан ел чемпионаты өтті (GTF нұсқасы). Атыраудан 12 спортшы қатысты. Полина Ляшенко мен Айбек Демегенов массоги (спарринг) және хьенгиде (формалды кешен) абсолютті чемпион атанды.

60 кг дейінгі салмақтағы жасөспірімдер арасында Нұрхан Әбуов (60 кг дейін) пен Денис Ким (71 кг дейін) чемпион болды. Бекбол Нұралы хьенги бағдарламасында үздік болып, сонымен қатар «Үздік техникасы үшін» кубогына ие болды. Дария Мереке және Дәулетхан Ерланұлы финалдық жекпе-жекте чемпионат иелеріне жол беріп, нәтижесінде күміс жүлдегерлер атанды. Зиннурай Саят пен Дүйсембай Әділжан қола алқаны жеңіп алды.


ЕРКІН КҮРЕС

Қызылордада еркін күрес бойынша ҚР оқушылар спартакиадасы өтті.

Атырау спортшысы Жастілек Шамарданов 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын алқа алса, оның командалас жолдасы Мейірімбек Сатаев 65 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола алқаны жеңіп алды. Палуандарды А.Жаманбаев, А.Лекеров және А.Нұрәділов жаттықтырады.


САМБО


Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда Азия чемпионаты өтіп, оған ұлттық құрама құрамында атырау спортшылар қатысып, өздерін жақсы көрсете білді.

Жұмабай Парасат (62 кг дейін, суретте) пен Асқар Еспусинов (48 кг дейін) чемпион атанды, күміс жүлдегер - Айымгүл Махуова (48 кг дейін), Гүлзада Алмаз (56 кг дейін), Қалжан Тайжанова (80 кг дейін) және Саида Қапсалықова (80 кг жоғары).

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 мамыр 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.