Атырау, 27 сәуір 08:59
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Арналарды ашуға ақша керек

Сурет Бейнежазба
4 905 просмотра


Атырау облысының Индер, Жылыой және Қызылқоға аудандарының малшылары мен диқандары жергілікті өзен-суларға, сондай-ақ Ақтөбе облысынан келетін өр суына тәуелді. Биыл көктемнің жауын-шашынсыз, ылғалдың өте аз түсуі еңбеккелерді алаңдатып отыр. Олар жайылым жерлерін суаруға Жайық пен Қиғаштан су ала ала ма?

Алыс аудандарға су жеткізетін каналдар бірнеше жылдан жөндеу көрмеген, топыраққа толып, қамыс пен түрлі өсімдіктер арналарды бітеген. Мысалы, Индер ауданындағы «Елші» учаскесінде отырған малшылар «Бағырлай» каналындағы судың аздығына шағымданды.

Қайыр ЕРЕКЕШЕВ


- Бұл учаске маңында оннан астам шаруа қыстақтарымен қоса төрт-бес егінші шауруашылығы бар. Барлығы осы канал суына тәуелді. Каналда биыл су аз,- дейді малшы  Қайыр ЕРЕКЕШЕВ. – Мал дәрігерлері су осылай аз берілсе, шалшыққа айналып, түрлі құрттар көбейіп, малға қауіп төнеді дейді. Біз содан қауіптенеміз.

«Қазсушар» РМК-ның Атырау филиалы берген ақпарда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің суармалы егістігі, лимандық және жайылымдық жерлерді суландыратын жалпы ұзындығы 1133 шақырым суару-суландыру жүйелері бар. Суару-суландыру жүйелерінің барлық саны - 15, оның ішінде 4-уі Атырау филиалына өтеусіз басқаруға берілген коммуналдық меншікке берілген. Филиал биыл 1300 га суармалы егістікті, 1731 га лимандық және 787 мың га жайылымдық жерлерді суландыруды міндетіне алған.


- Барлық 15 дана суару-суландыру жүйелерін жаңғыртуға арналған арнайы жоспар бар,  алайда бұл жұмыстарды халықаралық қаржы ұйымдары есебінен, оның ішінде Ислам даму банк арқылы қаржыландыру 2021 жылға жоспарланып отыр,- дейді «Қазсушар» РМК-ның Атырау филиалы директоры Асланбек РЫСЖАНОВ. – Бүгінде Махамбет ауданындағы «Алға-Егіз», «Сарыөзек», Индер ауданындағы «Алғабас-Жорық» каналдары бойынша жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттерді түсірген автор

29 мамыр 2018, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.