Атырау, 27 сәуір 09:11
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Ratel.kz ісі: қызметін тоқтатсын және тыйым салынсын», «Ә.Қосанов: «Халықтың оппозицияға деген сенімін қалпына келтіруіміз керек!», «Пашиняннан ТМД елдерінің билеушілері қорқып отыр», «Депутаттың Мирзияевті Нобель сыйлығына ұсыну бастамасы».

1 889 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ratel.kz ісі: қызметін тоқтатсын және тыйым салынсын» - Алматыда сот Ratel.kz интернет-басылымын шығаруды тоқтатып, сайттың бас редакторы Марат Әсіповке Ratel.kz атынан мақала жариялауға тыйым салды. Арызды прокуратура түсірген. "Көпе-көрінеу жалған ақпарат таратты" деген айыппен қозғалған істі тергеу әлі аяқталған жоқ. Бақылаушылардың пайымдауынша, бұл - БАҚ-ты қудалау.

«Кәсіподақ жетекшісі Нұрбек Құшақбаев түрмеден шықты» - «Қазмұнайгаз» компаниясының еншілес мекемелерінің бірі Oil Construction Company кәсіподағының бұрынғы еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаев мамырдың 28-і күні бостандыққа шықты. Оны мерзімінен бұрын босату туралы сот қаулысының күшіне енгені туралы Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Депутаттың Мирзияевті Нобель сыйлығына ұсыну бастамасы» - "Менің пікірім" ұжымдық хаттар порталында Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы президент Шавкат Мирзиевке "Өзбекстан қаһарманы" атағын беру ұсынысын жариялады. Ұсынысты 10 мың адам қолдаған. Ал осы партияның мүшесі, намангандық депутат Мирзияев кандидатурасын Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын көтерді.

ABAI.KZ. « Пашиняннан ТМД елдерінің билеушілері қорқып отыр...» - Бүгіндері бүкіл әлем армян халқына көз салып отырғанын жасыруға болмас. Қанша дегенмен ТМД елдерінде Грузиядан басқа жерде биліктің ауысуы жан алып, жан беріскен арпалыспен өткені белгілі. Ал армян халқы болса жарады. Олар ұлы мақсат жолында нақты талап қойып, өз елін сыбайлас жемқорлық секілді тажалдан біржолата арылту жолында адам қызығарлықтай ұйымшылдықпен, берік тәртіппен өз дегеніне жетті. Арандатушылыққа жол берген жоқ. Кейбір арам пиғылды топтарды желкелеп қуып шықты.

«Нәубет жылдарындағы бір әулеттің тарихы» - Қарсақпай мен Қараөзек. Бірі – Қыр, екіншісі – Сыр. Ноғайлық кезеңіндегі нақышпен айтсақ, бірі – Қырым, екіншісі – Сырым. Екеуі де біздің әулеттің тарихына тікелей қатысы бар өлке. Әулеттің қыс қыстауы – Қараөзек, жаз жайлауы – Қарсақпай-Ұлытау, шыққан тайпасы – Тарақты, оның ішінде Жәші тармағы.

«Біздің дипломаттар: Си Цзиньпин айтса, көнді, Шын Чуангуо айтса, болды!" деп жүрмесін!!!» - Шын мәнінде, Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың ескі төлқұжатын (Қытай паспортын) қайтарып алмай, халықты тығырыққа тіреп отырған Қытай тарапының өзі!

QAZAQTIMES.COM. «Әміржан Қосанов: «Халықтың оппозицияға деген сенімін қалпына келтіруіміз керек!» - Қоғам белсенділерінің "Жаңа Қазақстан" форумын құрғандарына көп бола қойған жоқ. Қатарында Әміржан Қосанов, Дос Көшім, Ермұрат Бапи, Айдос Сарым, Расул Жұмалы және басқа да елге танымал саясаткерлер бар ұйымның негізгі жұмысы - бұқараның мұңын-мұңдап, жоқын жоқтауға бағытталған. Форумға мүше азаматтар осы жазда өңір-өңірді аралап, қарапайым тұрғындар арасында қордаланып қалған қандай мәселелер барын анықтамақ. Кейін, сол түйткілдерді шешуге білек сыбана кіріскелі жатыр. 

365INFO.KZ. «Қазақтарды алғаш көргенде шошып кеттім» - ЭйрАстана, Қазкомбанк қызметкерлерінен өзіне мемлекеттік тілде қызмет етуді талап етіп, екеуінде де өз дегеніне жете білген шетел азаматы Оғыз Доған неге қазақ тілінің сойылын сойып жүр? 

EGEMEN.KZ. «Балық шаруашылығына басқаша көзқарас қажет» - Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің маңызды бір саласы – балық шаруашылығын дамыту ісі ерекше қолдауды қажет етуде. Шаруашылықтың бұл бағыты өз болмысынан экспортқа бейім және валюталық қордың негізі бола алады. Алайда балық өнімдерінің көп бөлігінің көлеңкелі айналымға кетуінен және істің қырын білетін білікті мамандар тапшылығынан туындайтын қиындықтар мемлекеттік деңгейде көңіл аударатын мәселеге айналды.


29 мамыр 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.