Атырау, 26 сәуір 18:38
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Франция Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 50 млн еуро жібереді

1 649 просмотра


Ресей Президенті Владимир Путиннің үндеуінен кейін Франция Сирияға гуманитарлық көмек ретінде 50 млн еуро жібереді. Аталған шешімді Франция басшысы Эммануэль Макрон қабылдады. Бұл туралы ол Ресейдің президенті Владимир Путинмен өткен келіссөз нәтижесі бойынша баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Ведомости» басылымына сілтеме жасап.

Осылайша Франция соғысып жатқан Сирияға көмек көрсету бойынша Путиннің үндеуін қолдаған алғашқы еуропалық мемлекет болды. Бұған дейін дәл осындай мәлімдемені Түркия мен Иран жасаған болатын, алайда олардың бірде біреуі қайырымдылық сомасын жарияламады.

«Қомақты қаржы Сирия аумағында гуманитарлық қызмет көрсетуге жұмсалады және адамдардың гуманитарлық көмекке жүгінуіне жағдай жасайды», - деді Макрон.

Оның айтуынша, Франция Сирия аумағында түрлі үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейтін болады.

«Бұл жұмыс Сирияға пайдамызды тигізуге мүмкіндік береді», - деді Макрон.

Дереккөз: Baq.kz

25 мамыр 2018, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.