Атырау, 26 сәуір 20:58
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Самал Еслямоваға Петропавлда пәтер сыйлады

1 393 просмотра

Фото: Sputnik
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Канн фестивалінің жүлдегері Самал Еслямоваға Петропавлдан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Өңір басшысы Самалдың тек Солтүстік Қазақстанның ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы екендігін атап өтті. 

«Біздің елімізден және ТМД елдерінен ешқандай актер осындай жоғары марапатқа ие болмаған. Сіздің фильм режиссері, Қазақстан тумасы Сергей Дворцевоймен сәтті дуэтіңіз - Қазақстан киноиндустриясының дамуы мен дәріптеуі саласында өскелең ұрпаққа үлгі болмақ», - деді Қ.Ақсақалов. 

Облыстық әкімдіктің залына актрисаның туыстары, ұстаздары, Самал Еслямова оқыған өнер колледжінің студенттері жиналды. Актрисы олармен оқу орнының ғимаратында кездесуге уәде етті.

«Мен ана-анама, ұстаздарыма, қуанышыммен бөліскен барша солтүстікқазақстандықтарға алғыс айтамын. Мен өте бақыттымын. Үйде болу - ерекше сезім», - деді С.Еслямова. 

Еске салайық, қазақстандық актриса Самал Еслямова 71-ші Канн фестивалінде ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде үздік әйел рөлі үшін жүлде алған болатын. 

Дереккөз: inform.kz

24 мамыр 2018, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.