Атырау, 27 сәуір 02:16
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Назарбаев Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін неге ұзартты?», «Ринат Зайытов: “Әблязов? Қазақты ойлайтын адам емес ол…”», «Ұлттық банк күшейіп, банктерге қырғидай тиіп жатыр», «"Хиджаб дауы": ондаған оқушы келесі сыныпқа көшпейді».

3 083 просмотра

DALANEWS.KZ.  «Ринат Зайытов: “Әблязов? Қазақты ойлайтын адам емес ол…”» -Ринат Зайытов желідегі жұртпен тілдескен екен. Тікелей эфирге шыққан ақын халықтың көкейіндегі өзекті деген сауалдарға жауап беріпті. Әсіресе, Әблязовке ерекше тоқталған екен  деп жазады DalaNews.kz. Сонымен, Зайытов не дейді? Оны қандай мәселелер толғандырып жүр?

«Назарбаев Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігін неге ұзартты?» - Күні кеше Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкілеттілігін ұзартты. Көшербаев 20 мамырда 63 жасқа толады. Алайда президенттің бұйрығына сай өңір басшысының өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. 

«Мешіт салғанша, неге мектеп салмайды?» - Алматы қаласының Алатау ауданында, Алғабас ықшам ауданында 7000 адамдық зәулім мешіт салынбақшы. Ол мешіттің орны 16 мың шаршы метрді құраса, мұнараларының биіктігі 75 метрге дейін жетпекші. Атаулы мешіттің 9 мұнарасы болмақ. Сонымен бірге, ол жерде діни кітапхана, әкімшілік мекеме, діни рәсімдер залы, діни шәкірттер тәрбиелейтін медресе және дүкендер бой көтермекші.

TURKYSTAN.KZ. «Данияр Саламат: Экрандағы гибрид кейіпкерлер – қауіпті кесел» - «Ердің жасы елуге» таяп қалған режиссермен қазақ киносының бүгінгі жай-күйі туралы әңгімелескен едік.

365INFO.KZ. «Ұлттық банк күшейіп, банктерге қырғидай тиіп жатыр» - Халық банкі басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова банк секторындағы ахуалға баға берді. Оның пікірінше, еліміздегі кейбір банктер тарап, шағын несие ұйымына айналуы мүмкін.

«Ағылшындар Машкевичтің масқарасын шығарды» - Машкевич бітті. Ұлыбританияда парақорлық фактісі бойынша Glencore Plc қатысты тергеу басталмақ, деп хабарлайды Bloomberg. Атап айтарлығы, бұл компания қазақстандық алпауыт ENRC-мен тікелей байланысты. Бұл колмпанияның израильдік миллиардер Дэн Гертлермен жасаған келісімдері, сондай-ақ Конгодағы компанияның атынан жасалған мәмілелері күдікке ілінді.

«Гуанчжоудағы қытайлар қарапайым алматылықтардан екі есе дәулетті» - Оңтүстік Қытайдағы мегаполисте орташа айлық еңбекақы барлық алым-салықтарды ұстағаннан кейін, 350 мың  теңгеден астам соманы құраса,  Алматыдағы бұл көрсеткіш 138 мың теңгеден аспайды.

AZATTYQ.ORG. «Билік мұнайшылар талабын орындау үшін бір ай сұрады» -Қысқартуды тоқтатуды, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жұмысқа шығудан бас тартқан маңғыстаулық Oil Services Company (OSC) мұнайшыларымен келіссөз басталды. Билік үш жақты комиссия шешімі шыққанша мекеменің жұмыс орнында өзгеріс болмайды деп уәде берді.

«"Хиджаб дауы": ондаған оқушы келесі сыныпқа көшпейді» - Ақтөбе облысында "орамал дауы" кесірінен биылғы оқу жылында мектеп әкімшілігі сабаққа кіргізбеген 22 бала келесі сыныпқа көшпейді. Оқушылар ата-аналарының шағымын аудандық және облыстық соттар қанағаттандырмады. Бақылаушылар билік даулы мәселені шиеленіске жеткізбей шешуі керек дейді.

«Астаналық заңгер ҚДТ-ға тыйым салумен келіспейді» - Астанада тұратын заңгер Антон Фабрый экс-банкир әрі билікті сынаушы Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына салынған тыйымның күшін сот арқылы жойдыртуға талпынып жүр. Фабрый "қозғалысқа да, Әблязовке де қатысым жоқ" дейді. Әйткенмен оған ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым" деп таныған сот шешімін алудың сәті түскен.

«Путинге қарсы экс-мэрдің саяси болашағы бұлыңғыр» - Ресейде президент Владимир Путиннің саясатымен келіспейтін аймақ басшылары некен-саяқ. Солардың бірі – Екатеринбург қаласының мэрі Евгений Ройзман қызметінен кетті. Кремль қожайынына ашық қарсы шыққан Ройзман кім, оның ендігі тағдыры қандай болмақ?


24 мамыр 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.