Атырау, 26 сәуір 16:49
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды

1 814 просмотра


Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің сөзінше, нәресте бүгін таңертең бақилық болған. 

«Нәрестенің денесіне суық өтіп кеткен. Жансақтау бөлімінде жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қалуға барын салды. Оқиғаның осылай аяқталғаны өкінішті», - деді аурухананың бас дәрігері.  

Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға кеше облыс орталығында болған.  Оны қоқыс жәшігінен полицейлер алып шыққан.  Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Иллюстрациялық фото  

Дереккөз: inform.kz

23 мамыр 2018, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.