Атырау, 26 сәуір 20:22
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды

1 845 просмотра


Астанада параға коммерциялық сатып алу күдігімен Forbes тізіміндегі белгілі бизнесмен Еркін Әмірханов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Центрказэнергомонтаж" АҚ сатып алу қызметі жөніндегі бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты соталды тергеу бастады, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 253-бабының 6-бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Бизнесмен 5 мамырда ұсталған. Келесі күні Астананың №2 Есіл аудандық соты оған қатысты екі ай мерзімге "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.  

"Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігі бойынша істің өзге мәліметтері жария етілмейді", - дейді ҰҚК өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 мамыр 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.