Атырау, 26 сәуір 18:23
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

АМӨЗ-де не болды?

2 719 просмотра


17 мамырда кешкісін Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жабдықтар жұмысында ақаулық орын алды - зауыт алауы жалындап, қалың қара түтін будақтап жатты.

Осыған байланысты АМӨЗ-дің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі баспасөз-релизін жариялады: «17 мамырда сағат 18.40-да компрессордың тоқтауы салдарынан жанармай газы алауға түсті. Сағат 20.36-да компрессор іске қосылды. Шығарылатын газдың жанармай жүйесіне берілуін реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шығарындылар қала тұрғындарының денсаулығы үшін қауіпті емес. Зауыттың экологиялық қызметі шығарындыларды қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оның нәтижелері ресми сайтта жарияланады. Режимнің бұзылу себептерін тергеумен арнайы комиссия айналысады. Кәсіпорын басшылығы қала тұрғындарынан кешірім сұрайды».

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 мамыр 2018, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.