Атырау, 27 сәуір 03:06
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«"Жаңа Қазақстан" саясатқа араласуды көздейді»,«Ертаев пен Әлиевтің әрекетінде қандай ұқсастық бар?, «Астана мен Ташкенттің АҚШ-қа бет бұруының сыры неде?», «Мирзияев, Ақ үй және адам құқығы», «Қырғызстан Қытайға қанша қарыз?».

2 146 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Жаңа Қазақстан" саясатқа араласуды көздейді» - Алматыда бір топ белсенді "Жаңа Қазақстан форумы" қоғамдық ұйымы құрылғанын жариялады. Олар "Қазақстан билігімен диалог құру жолын таңдайтынын" мәлімдеді. Бұл ұйымға "билік тапсырмасымен құрылған болуы мүмкін" деп күдікпен қарайтындар да бар.

«"Украинада соғысқан тұрғын" сотта кінәсін мойындады» - Теміртау тұрғыны сотта "Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысты" деген айыпты мойындап, Донбасқа қалай барып, ол жақта қалай соғысқанын егжей-тегжейлі айтып берді.

«Қырғызстан Қытайға қанша қарыз?» - Қырғызстан Жогорку Кеңеші депутаты Камчыбек Жолдошбаев кәсіпкерлерге ақша жинап, Қырғызстанның Қытайға қарызын өтеу туралы ұсыныс айтты. Депутаттар Қытайға қарыздың өсіп бара жатқанынан қауіп етеді. Қазір Қырғызстанның мемлекеттік қарызының 40 пайызы – Қытайға берешек және бұл миллиондаған долларлық несиенің тиімділігі де күмәнді.

«Мирзияев, Ақ үй және адам құқығы» - Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев АҚШ-қа сапарын "тарихи оқиға" деп атап, екі ел арасында бес миллиард доллардың келісімі жасалғанын айтты.

 DALANEWS.KZ.  «Ертаев пен Әлиевтің әрекетінде қандай ұқсастық бар?» - 8 мамырда Мәскеуде алаяқтықпен айналысқан деген айыппен банкир Жомарт Ертаев ұсталды. Кейін Преснен аудандық сотының ұйғарымымен Ертаев 40 күнге үйқамаққа қамалды. Банкирдің білегіне жүріп-тұрғанын бақылап отыратын электронды браслет тақты жауапты органдар.

QAZAQTIMES.COM. «Астана мен Ташкенттің АҚШ-қа бет бұруының сыры неде?» -  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін АҚШ-қа ресми іс-сапармен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев барды. Осыған байланысты бүгін біз бұған дейінгі Өзбекстан мен АҚШ қарым-қатынасының дамуы және ресми Астана мен Ташкенттің соңғы уақыттардағы сыртқы саясаттағы қадамдарына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.  

«Forbes басылымы: Әлемде 7 млрд адам бар, 75 адам соларды басқарады» - Америкалық «Forbes» журналы 2018 жылдың ең ықпалды 75 адамның тізімін шығарды. Таңқаларлығы, аталған басылым әлемдік ең ықпалдылар қатарына Қытай басшысы Ши Жинпиңді бірінші орында атапты. 

INFORMBURO.KZ. «Әкелер де декретке шыға алады. Қазақстанда соңғы бес жылда 40 мыңнан астам әке декретке шыққан» - Қазақстанда ер адамға декретке шығуға бола ма? Шықса құжаттарын қалай рәсімделеді? Бұндай жағдайда қандай көмек ақша төленеді? 

TURKYSTAN.KZ. «Жетпейтін қанттың “жыры”» - Елімізде қант бағасы тұрақты емес. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрын қант бағасы соңғы 30 жылда болмаған деңгейге қымбаттап, тапшылық тудырғаны есте. 

JASQAZAQ.KZ. «Ертаевтың “ертегісі”» - Қалтасына қаншама ақшаны басып, шетел асып қашқанда «Мен көк тиын алған жоқпын. Маған қысым көрсетті» деп мүләйімсіп сайрайтындар көп. Айласын асырып, қалтасын толтырып болған соң оларға Қазақстан азаматтығы да керек болмай қалады. «Бас тартамын» деп доқ көрсетеді. Бірақ кімге, не үшін? Түсініксіз!

QAZAQUNI.KZ. «Махат Садыққа жауап: Өткеннен топырақ алып, болашаққа шашпа!..» - Осыған дейін «Қазақ үні» порталында белгілі журналист Махат Садықтың «Қонаевтың синдромы» атты мақаласы жариланған болатын. Бүгін электронды поштамызға саясаттанушы Шыңғыс Төкеевтің атынан Махат Садыққа жауап ретінде жазылған мақала келіп түсті. «Қазақ үні» порталы еркін пікірталас алаңы ретінде автордың жауап-мақаласын назарларыңызға ұсынады. 


18 мамыр 2018, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.