Атырау, 27 сәуір 03:11
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Головкин белбеулерімен фотосессия жасады

1 665 просмотра


WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Санта-Моникадағы (АҚШ, Калифорния штаты) Wild Card West бокс клубында өткен фотосессияға қатысты, деп хабарлайды Sports.kz GGG-дің ВКонтактедегі ресми тобына сілтеме жасап.  

Қазақстандық боксшы өзінің барлық белбеулерімен суретке түсті. Еске салайық, 5 мамырда Головкин чемпиондық титулдарын жиырмасыншы рет қорғап, олардың саны бойынша аты аңызға айналған Бернард Хопкинспен тең түсті. Геннадий осы көрсеткішке қол жеткізу үшін америкалыққа қарағанда, екі жыл аз уақыт жұмсаған: GGG 2010-2018 жылдары титулдық қорғау өткізді, Хопкинс - 1995-тен 2005 жылға дейін. Головкин өзінің соңғы айқасында америкалық Ванес Мартиросянды (36-4-1, 21 КО) екінші раунда нокаутқа жіберді. Бұл Геннадийдің кәсіби мансабындағы 34-ші уақытынан бұрын аяқталған жеңісі болды.

Дереккөз: inform.kz

18 мамыр 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.