Атырау, 26 сәуір 16:29
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Қырымда көпір салған Ресейдің басы дауға қалды. Оған НАТО да қарсы шықты

1 747 просмотра


НАТО Қырымдағы Керчен көпірінің ашылуын талқылап, "Ресей осы әрекеті арқылы Украинаның егемендігін тағы да бұзып отыр" деп мәлімдеген. Бұл туралы france24.com агенттігі хабарлайды. 

Аталған агенттік сайтында НАТО өкілінің: «Қырым Украинаның да бір бөлігі болып саналады, ал осы көпірдің салынуы «Украинаның аймақтың тұтастығы мен егемендігіне тағы да нұқсан келтірді», деген мәлімдемесі жарияланды. 

Еске салайық, 15 мамыр күні Ресей президенті Владимир Путин Керчен бұғазындағы көпірдің ашылу рәсіміне қатысқан еді. Ресей басшысының осы шешімі АҚШ пен батыс елдерінің наразылығын тудырғандай. Мәселен, кешегі хабарымызда Еуродақ өкілінің "Қырымдағы Керчен көпірінің ашылуы Украинаның егемендігі мен аймақтық тұтастығын бұзу болып саналады" дегенін, ал АҚШ мемлекеттік департаментінің "Ресейден Қырымға дейінгі автомобильді көпір құрылысы бұғазға тиімсіз әсер етеді", - деп мәлімдегенін жазған едік. 

Қарап отырсақ, халықаралық ресми ұйымдардың қай-қайсысы да Ресейдің көпір салу шешіміне қарсы шығуда.  Көпірдің ашылғанына небәрі екі күн өткеніне қарамастан,  оған қарсы мәлімдеме жасаушы халықаралық ұйымдар мен елдер қатары көбеюде. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

17 мамыр 2018, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.