Атырау, 25 мамыр 15:57
Кешке ашық+23, түнде +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

​Ресей АҚШ-тың сәуірде салған санкцияларына қарсы шара қолданды

16 мамыр 09:56


Ресейдің Мемлекеттік Думасы АҚШ-тың өткен айдағы жаңа санкцияларына қарсы жауап ретінде 2 заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 

Оларды депутаттардың барлығы бірауыздан қолдады. Жаңа заңдарға сәйкес, АҚШ азаматтарының Ресей аумағында жұмыс істеуіне және ауылшаруашылық, дәрі-дәрмек және темекі өнімдерін тасымалдауға тыйым салынады. 

Сонымен қатар АҚШ азаматтарына Ресейде мүлікті жекешелендіруге шектеу қойылады. Ал екінші заң шетел асып, өз еліне қарсы шыққан ресейлік азаматтарға арналған. Оған сәйкес осы заң нормаларын бұзған ресейліктерге айыппұл салынып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Еске сала кетейік, АҚШ сәуір айында Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдаған еді. Мәскеу «бұл халықаралық нормалар өрескел бұзылып жүзеге асырылды» деп отыр.

Дереккөз: 24.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

199 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция салды  393 рет қаралды

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкция салуды қолдады  926 рет қаралды

​Ангела Меркель: «Газа секторындағы қақтығысқа бей-жай қарай алмаймын»  234 рет қаралды

Пентагон: Ресей мен Қытай бірігіп АҚШ-қа қарсы шығуда  444 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8 9