Атырау, 26 сәуір 19:48
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Білім министрі 15 мамырда ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

1 668 просмотра


ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық жұмыс берушілерден 15 мамыр күні өтетін оқушылар жиналысына ата-аналарды ертерек босатуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның басшысы Ерлан Сағадиев 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлады.

«Бұл осымен екінші жиналыс. Өздеріңіз білесіздер, орташа есеппен алғанда жиналыстарға ата-аналардың 10-15 пайызы ғана барады. Өткен жылы жалпыұлттық жиналысқа оқушылардың 80 пайызының ата-аналары келді. Яғни бұл жақсы көрсеткіш. Биыл да осындай деңгейде келеді деп жоспарлап отырмыз. Осы орайда министрлік атынан барлық жұмыс берушілерден, оның ішінде меморгандардан 15 мамырда ата-аналарды ертерек босатуды сұраймыз. Ата-аналар уақытылы мектепке келіп, балалары оқып жүрген білім ордасының өмірімен егжей-тегжейлі танысуы керек», - деді Ерлан Сағадиев.

Дереккөз: inform.kz

11 мамыр 2018, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.