Атырау, 23 желтоқсан 22:54
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Туған жерге оралу

2 983 просмотра


Бүгін, 28 сәуірде Атырауда 2016 жылы сәуірде өткен «жер» митингісіне қатысқаннан кейін бес жылға бас бостандығынан айырылған азаматтық белсенді Талғат АЯНДЫ босату туралы №2 Ақтөбе қалалық сотының қаулысы заңды күшіне енді.

Осыған байланысты «АЖ» тілшісі оның әкесі Төлепқали АЯНОВҚА қоңырау шалып, ол ұлының шынымен де бүгін колониядан босатылғанын хабарлады. Қазір Талғат Ақтөбеден үйіне Атырау вокзалына күн сайын жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7.42-де келетін пойызбен келе жатыр.

Естеріңізге салсақ, осыдан тура 15 күн бұрын Ақтөбе соты Талғаттың жазасының бас бостандығынан айыру түріндегі өтелмеген бөлігі оны 3 жыл 1 ай 17 күнге шектеумен ауыстырылған болатын.

2016 жылдың қарашасында  Атырау қалалық №2 соты азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВТЫ да митингтің негізгі ұйымдастырушысы деп есептеп, Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен болатын. Өткен жылдың тамызында Талғатты Солтүстік Қазақстан облысындағы колониядан Ақтөбедегі колонияға ауыстырды. Биылғы жылдың қаңтарында Астана қаласының Алматы аудандық соты Максты Петропавловскдегі колониядан туған жеріне жақын түзету мекемесіне ауыстыру туралы оның туыстары мен адвокаты Айман ОМАРОВАНЫҢ өтініштерін қанағаттандырудан бас тартты.

Айнұр САПАРОВА

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

28 сәуір 2018, 19:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.