Атырау, 24 желтоқсан 05:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атыраудағы екі колонияда Макс пен Талғатқа орын жоқ - 3

Бейнежазба
3 890 просмотра


Бүгін, 29 қаңтарда, Астана қаласының Алматы аудандық соты сотталған атыраулық қоғам қайраткері Макс БОҚАЕВТЫҢ туыстары мен оның адвокаты Айман ОМАРОВАНЫҢ ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне Макстың Солтүстік Қазақстан облысындағы колонияда, яғни тұрақты мекенжайынан шалғайда жазасын өтеу заңдылығына қатысты арызын қанағаттандырмады.

Шешім жарияланғанда екі тарап та қатыспады: адвокат пен ҚАЖК өкілі, Макспен бейнебайланыс та болмады. Шешімді төрағалық етуші судья Дәурен БАЙМЕНОВ оқыды.

Сондай-ақ, сот сотталушының адвокатының үшінші өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

- Адвокат Омарова мен Боқаеваның (Жанаргүл, Макстың қарындасы – С.Т.) іс жүргізуді тоқтату және ҚР Конституциялық кеңесіне ҚР ҚАК-нің 88-бабының 4-1-тармағын конституцияға қарсы деп тану туралы арыздану өтініштерін қанағаттандырудан бас тартты. Яғни, сотталушыны ауыстыру үшін оның тәртібі жақсы болуы міндетті. Боқаев жазасын өтеп жатқаннан бері құқық бұзушылықтар жасап, ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған « үшінші дәрежедегі теріс тәртіп көрсетті» деген анықтама берілді. Боқаев ЕС-164/3 мекемесіне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жіберілді және қазіргі уақытқа дейін оны Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 мекемесіне жіберуге себеп болған негіз жойылған жоқ. Осыған байланысты сот өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімге келді, - деп өз үкімін оқыды судья.

Шешімге қатысты тараптар бір ай ішінде шағымдана алады.


Сәуле ТАСБОЛАТОВА

«АЖ» меншікті тілшісі, Астана қаласы 

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

29 қаңтар 2018, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.