Атырау, 27 сәуір 01:09
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

ҚазАгро фермерлерді несиелендіру мақсатына 50 млрд теңге бөледі

1 256 просмотра


Ағымдағы жылы фермерлерді қаржыландыруға шамамен 50 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл жөнінде бүгінгі өткен Үкімет отырысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Мәлелов Нұрлыбек мәлімдеді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2018 жылға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасына сәйкес «ҚазАгро» холдингі осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша орындаушылардың бірі болып табылады. Холдинг өз ережесі арқылы бағдарлама көздейтін бағыттар бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне, әсіресе, бағдарламаның негізі болып табылатын шағын бизнес субъектілері – фермерлік шаруашылықтарға несие беретін болады. Фермерлерді субсидиялауды ескере отырып, нәтижесінде, мөлшерлемесі 4 проценттен бастап мерзімі 15 жылға дейінгі несиелер аналық мал басын сатып алуға, жем-шөп өндірісіне ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарды сатып алуға, мал күтіміне арналған шаруашылық құрылыс нысандарын салуға несиелер берілетін болады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру мақсатында холдинг жем-шөп өндірісіне қажетті суару жүйелерін орнатуға несие береді. Ағымдағы жылы аталған мақсатта фермерлерді қаржыландыруға шамамен 50 млрд теңге бөлу жоспарлануда», - деді Мәлелов.

Сонымен қатар, басқарма төрағасы холдинг етті мал шаруашылығын дамыту бағытындағы несие бағдарламаларын 2009 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқанын да атап өтті.

«Бүгінде бұл бағытта өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал өсіретін 103 репродуктор, мал бордақылаудың тиімді технологиясы бар 30 өнеркәсіптік бордақылау алаңдары, 26 ет комбинатын салу жобалары қаржыландырылды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 5 мыңнан астам фермерлік шаруашылыққа қолдау көрсетілді. Онда шамамен 300 мыңдай малды асылдандыру жұмыстары жүргізілді», - деген ҚазАгро басшысы холдинг ұсынылған бағдарлама шеңберінде бордақылау алаңдарына, ет комбинаттарына және фермерлерге қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Дереккөз: Baq.kz

24 сәуір 2018, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.