Атырау, 27 сәуір 04:24
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​G7 елдері Ресейге қарсы санкциялық саясатты жалғастырады

1 642 просмотра


«Үлкен жетіліктің» сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Ресейге қарсы санкцияны жалғастыра бермек. Бұған Мәскеудің Сирия мен Украинаға қатысты ұстанымы түрткі болып отыр. 

Канаданың сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеді. Олардың дерегі бойынша, жетілікке кіретін елдер «халықаралық құқық нормаларына негізделген әлемдік тәртіпке» бағынуы тиіс. 

Еске сала кетейік, осы ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің саммиті күні кеше Торонто қаласында басталған еді. Бұл топқа АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция, Италия және Жапония мемлекеттері кіреді.

Дереккөз: 24.kz

23 сәуір 2018, 12:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.