Атырау, 27 сәуір 05:49
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Доллар бағасы 340 теңгеден аспайды – министр

2 469 просмотра


Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет кулуарында алдағы уақытта теңге бағамының қаншалықты өзгеретіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз Үкімет ретінде Парламентке әлеуметтік-экономикалық даму туралы болжамды енгіздік және ертеңгі отырыста долларға шаққандағы теңге бағамын 340 деп таныстыратын боламыз. Бұл дегеніміз нені білдіреді, яғни біз осы есептелген бағамнан асып кетпейді деп сеніммен айта аламыз», - деді ол Үкімет кулуарында.

Ол осыған дейін Үкіметтің теңге бағамы өзгерген жағдайда әзірлеп отырған үш сценарийі бар екенін айтқан болатын.

«Рубльдің долларға шаққандағы бағамының 70-80-90-ға өсуі мен тиісінше теңге бағамының өсуін қарастыратын үш сценарий әзірленді. Макроэкономикалық талдау жүргіздік, яғни доллардың өсуі біздің ЖӨІ-ге, инфляция, жұмыссыздық деңгейі мен бюджет көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін талқыладық. Егер осы сценарийлердің бірі орындалған жағдайда іске қосатын Үкімет пен ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспарының жобасын әзірледік», - деді Сүлейменов.

Дереккөз: Baq.kz

17 сәуір 2018, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.