Атырау, 27 сәуір 01:04
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Лицей көктемі

Сурет Бейнежазба
4 807 просмотра


Сенбі күні, 14 сәуірде, Атырау білім-инновация (қазақ-түрік) лицейінде «Көктем нұры» атты дәстүрлі мерекелік фестиваль ұйымдастырылды.


Фестиваль аясында лицей ауласына киіз үйлер тігіліп, оқушылар мен ата-аналар қазақтың «құда түсу», «сырға салу», «келін түсіру», «беташар», «тұсаукесер» сияқты салт-дәстүрлерінен театрландырылған көріністер қойды. Шараға белгілі жазушы, композитор Ілия ЖАҚАНОВ, облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВА, қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ және  оқу ордасын 25 жыл бұрын бітірген алғашқы түлектер қонақ болып келіп, тілектерін білдірді.


Лицей директоры Исмаил ЭЛЬМА аталмыш фестиваль оқушылардың бойына рухани құндылықтарды сіңіру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келетінін атап өтті.




Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суреттер және бейнежазбаны түсірген автор

17 сәуір 2018, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.