Атырау, 27 сәуір 06:19
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Ереванда халық ереуілге шығып, 46 адам жарақат алды

1 882 просмотра


Армения астанасы Ереван қаласында халық жаппай ереуілге шығып, тәртіп сақшыларымен қақтығысты. Салдарынан 46 адам жарақат алды. Наразылық шарасын ұйымдастырған парламент депутаты Никол Пашинян да зардап шеккен. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. 

Ереуілге бұрынғы президент Серж Саргсянның премьер-министр лауазымына ұсынылуы түрткі болды. Шаһар көшелеріне мыңдаған адам шықты. Салдарынан қала орталығындағы қозғалыс пен бірқатар станцияның жұмысы тоқтады. Полицейлер ереуілшілерге қарсы көз шағылыстыратын граната қолданған. 

Жергілікті билік бас көтергендердің бұл әрекетін заңсыз деп танып отыр. Айта кетейік, 2015 жылы бұл мемлекетте реформа жүргізіліп, Армения парламенттік республикаға айналған еді. Реформадан кейінгі алғаш премьер-министр сайлауы бүгін өтуі тиіс. Басқарушы партия бұл лауазымға елді соңғы 10 жылда басқарған Серж Саргсянды ұсынып отыр.

Дереккөз: 24.kz

17 сәуір 2018, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.