Атырау, 26 сәуір 20:48
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Еуропол 65 мың қашқынды іздестіруде

1 391 просмотра

"Еуропалық полиция агенттігі (Europol) босқындарды заңсыз жолмен өзге елдерге өткізбекші болған 65 мың қашқынды іздестіру үстінде", - деп хабарлайды ББС ақпарат агенттігі.

Europol ресми өкілі Роберт Крепинко Францияның "AFP" ақпарат агенттігіне берген арнайы сұхбатында Еуропа Одағының (ЕО) Түркия мен Ливиямен жасасқан келісімшарттар нәтижесінде Еуропа құрлығына барған иммигранттардың санының азайғанына қарамастан, миллиардтаған еуро айналымына ие контрабандалық топтың әлі де бар екенін айтқан.  2015 жылдың қыркүйек айында Еурополдың дерекқорында 30 мың күдікті болған. 

2016 жылдың соңында бұл көрсеткіш 55 мыңға жеткен. 2017 жылы бұл тізімге 10 мың адам тағы қосылған. Осы адамдардың арасында аты-жөндері жаңадан анықталған күдіктілер де бар көрінеді. Еурополдың мәліметтері бойынша, аты-жөндері анықталған қашқындардың 63 пайызы Еуропа елдерінің азаматтары. 

Ал олардың 45 пайызы Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінен кеткен. Статистикаға сәйкес, тізімдегі адамдардың 14 пайызы Орта Шығыстан келген. Олардың 13 пайызы Африка, 1 пайызы Америка құрлығынан, ал 9 пайызы Шығыс Азиядан қашқан. Еурополдың ресми мәліметіне сәйкес, осы қашқындар 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан екен. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

5 сәуір 2018, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.