Атырау, 27 сәуір 00:32
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

3 365 просмотра

ГИМНАСТИКА


Атыраудағы көркем гимнастика мектебінің оқушылары Лос-Анджелестегі халықаралық турнирге қатысты.

13 жасар Анеля Абдрак түрлі жаттығулар бойынша 5 алтын алқа алды. 8 жасар Мерейлім Сағидолла құрсаумен және доппен өнер көрсетіп, 6-орын алды. Спортшыларды жаттықтырушылар Әсел мен Көклан Егеубаевтар жаттықтырады.

***

СУ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІ

2018 жылға су спорты түрлері бойынша мемлекеттік тапсырыс мөлшері белгілі болды: 77,9 млн теңге жүзу және судағы поло секциясына, 6,6 млн теңге Атырау командасын заманауи бессайыс (жүзу, ату, семсерлесу, конкур және жүгіру) бойынша дайындауға.

Биылғы жыл басында «Атырау» су спорты түрлері клубын» тендер бойынша 8,9 млн теңгеге сатып алған астаналық кәсіпкер иеленді.

*** 

ЖҮЗУ


Көкшетауда «Бурабайдың інжу-маржаны» республикалық балалар турнирі өтті.

Атыраулық спортшы Диар Гизатов тамаша жетістіктерге жетіп, 4 алтын алқа (50, 100, 200 метр арқамен жүзу және 200 метр кешенді жүзу) алды. Альмира Қадырбай 50 және 200 метрлік қашықтықта еркін стильде 2 қола алқа иегері атанды. Спортшыларды Н. Жұмағазиев пен И. Галкин жаттықтырады.

*** 

ДОЙБЫ


Атырау құрамасы Түркістанда дойбыдан өткен чемпионатта (64 шаршы) табысты өнер көрсетті.

Жаттықтырушы Еркін Үсеновтің шәкірттері 11 алқа жеңіп алды. 3 алтын алқа - Жібек Әдиеттің, Зейнеп Темірбай мен Мирас Рахметолланың еншісіне тиді. Өткен жылдың чемпионы Бекарыс Жұмалиев екі күміс алқа иегері атанды. Күміс алқаға Мақсат Өтеғұлов пен М.Рахметолла да қол жеткізді, Данагүл Жұмалиева қола алқаны місе тұтты.

***    

ТАЭКВОНДО


Атырау құрамасы таэквондодан (GTF нұсқасы) Ақтөбеде өткен «Азия жауынгері» халықаралық турнирінде 2-ші орынға ие болды.

Жаттықтырушы Берік Әлжановтың айтуынша, турнирге 40 бала қатысып, 7 алтын, 9 күміс және 17 қола алқамен марапатталған. «Мацоги» және «хенги» санаттарында Айбек Демегенов екі алтын, Мұхаммед Ихсанов, Шеруен Адай, Бекзат Көшбай, Ерлан Арлан және Алексей Хомяков бір алтын алқадан алды. «Үздік техникасы үшін» жүлдесімен А. Демегенов, Бақтыбек Аспанбек, Денис Ким және Айша Ханаш марапатталды.

***    

ДЗЮДО

Талдықорғанда жастар арасында ел чемпионаты болды.

Бұл турнирде атыраулық дзюдошы Айболат Ыстыбай батылдық танытты. Жартылай финалда жарақат алғанымен, жеңіске жетіп, финалға шығуға күш тапты. Ол жерде, өкінішке орай, қарсыласынан жеңіліп, нәтижесінде күміс алқа алды. Екінші күміс алқаны облыс құрамасына Серікболсын Шынтас әкелді. Сәл кейінірек А.Ыстыбай Бремендегі халықаралық турнирде 4-ші орынды иеленді.

Біздің екі дзюдошы сәуір айында Алматыда өтетін Азия Кубогына қатысуға негізгі үміткерлер ретінде қарастырылуда. Осы жарыстарда жеңіске жеткен жағдайда, олар Азия чемпионатына (мамыр, Бейрут) және Әлем чемпионатына (күз, Багама) қатысу құқығына ие болады.

***

Павлодарда дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде атыраулық спортшы Қанат Сейілхан турнир «алтынын» жеңіп алды. Қола алқа Айгерім Төреғожина мен Ақжол Қайыпханға бұйырды. Спортшыларды жаттықтырушылар Қ.Сүлейменов пен М.Есмағамбетов дайындады.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 сәуір 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.