Атырау, 27 сәуір 00:23
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жастар біздің ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырулары керек – Назарбаев

2 414 просмотра


Нұрсұлтан Назарбаев "Жас Отан" Жастар қанаты IV съезінің ашылуымен қатысушыларды құттықтады.

Астанада "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының кезекті IV съезі басталды. Іс-шараға еліміздің барлық аймағынан бір жарым мыңнан астам белсенді жастар қатысып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысы, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының атынан Съезде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзін сөйледі.

"Жас Отан" – бұл менің барлық стратегиялық бастамаларымды қолдайтын және мен ұстанған саясаттың сүйеніші болып саналатын белсенді жастарды біріктіретін қозғалыс, партия. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап барлығымыз жастардың болашағы туралы ойладық. Біздің барлық қызметіміз жастарды ескере отырып жасалды. Мен біздің барлық бастамамызға бұдан кейін де қолдау білдірілетініне және жүзеге асырылатынына сенімдімін", - деді ҚР Президенті.

Елбасы сондай-ақ, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы мiндеттерге ерекше назар аударды.

"Тәуелсiздiктiң алғашқы күндерiнен бастап жастар мәселесi менiң де, мемлекеттiң де ең басты назарында болып, бұл салада көптеген бағдарлама жүзеге асты. Мен осынау еңбектiң жемiсi мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы бiлетiнiне кәмiл сенемiн. "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаламда мен ХХІ ғасырдағы ұлттық санаға және таяу жылдарда қолға алуды қажет ететiн мiндеттерге ерекше назар аудардым. Солардың қатарында латын әлiпбиiне көшу, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы, үштiлдi бiлiм беру сияқты мiндеттердi елдiк мүдденiң жаңа деңгейi деп атап өтер едiм. Осының барлығында мен жастардың сапалы бiлiм алып, бәсекеге қабiлеттi маман болып қалыптасуына ерекше көңiл бөлiп, соған басымдық бердiм. Өйткенi, сендер елiмiздiң ертеңi ғана емес, мен айқындаған мақсаттарды жүзеге асыратын буынсыңдар. Мен сендердi белсендi түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тiлдердi үйренуге, отандық және әлемдiк әдебиеттiң терең мұраларын танып, бiлуге, ең бастысы әрқайсың өз салаларыңда әлемнiң ең озық мамандарымен иық тiрестірiп, қатар тұра алатындай деңгейге көтерiлуге шақырамын. Мен сендердiң тың бастамаларыңды әрқашан қолдаймын. Ендеше, жаңа әлемге салған жолдарыңыз әрдайым ашық әрi даңғыл болсын", - деген Елбасының құттықтау сөзiн Гүлшара Әбдiқалықова оқып бердi.

Дереккөз: bnews.kz

29 наурыз 2018, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.