Атырау, 27 сәуір 01:56
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"АҚШ-Қытай сауда соғысының жеңімпазы кім: Соғыстан кейін әлемді не күтіп тұр?". "Ноғаев Қасымбекке неге қарсы шықты?". "Психоаналитик:Қазақстандағы гомосексуализм мәселесіне назар аударуымыз қажет". "Ұрық саудасы. Қалқан құлақ, қоңқақ мұрындылар жарамайды

3 966 просмотра

QAZAQTIMES.COM. "АҚШ-Қытай сауда соғысының жеңімпазы кім: Соғыстан кейін әлемді не күтіп тұр?" - Соңғы бірнеше күннен бері АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әлем ақпарат кеңістігінің ең басты тақырыбына айналды. Трамп өзінің «алғашқы оғын атқанын» мәлімдегеннен кейін, Бейжің тарабы мәлімдеме жасап, оның салдарынан қорықпайтынын, «соңына дейін сынасып көретінін» жеткізді. Әлемдегі екі ірі экономиканың арасындағы теке-тірес әлем назарын өзіне аударуда. Әрі екі ірі экономика арасындағы тірес қор нарығын жаңа күйге түсіріп, қаржы алыптарын шатастыруы мүмкін деген болжамдар жасалуда. Олай болса, шынында сауда соғысы деген не? Қаржы алыптары неден алаңдап отыр? Сауда соғысы Трамп айтқандай «оңай» әрі «тез жеңіске жететін іс» пе? Әлемнің ірі ақпарат құралдарына шолу жасай отырып, осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.  

AZATTYQ.ORG. "Орталық Азияда әліпби мен тіл мәселесі қай деңгейде?" - Орталық Азия елдерінде латын әліпбиіне көшудің ортақ үлгісі неге жасалмады? Латынға көшкендер мен көшетіндерді не алаңдатады? Көшпейміз дейтіндер не уәж айтады? Мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай? Бұл сауалдарға Өзбекстан және Қырғызстан журналистері жауап берді.

365INFO.KZ. "«Орысқа, татарға үйлендік…». Әуезов неге өкінді?" - Көзінің тірісінде белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың өзінің өмірлік тәжірибесі негізінде драматург Софы Сматаевқа өзінің басты үш ақылын айтқан. Мұқаң айтқан ақылдар әлі күнге дейін өзекті болып тұр. Ендеше оқиық!

SPUTNIKNEWS.KZ. "Губернатор Кемероводағы жойқын өрттің неден шыққанын айтты" - Кемерово облысының губернаторы Аман Тулеев Ресей президенті Владимир Путинге айтқандай, Кемероводағы өртке ертеңгілікте болған отшашу себеп болуы мүмкін.

"Айгүл Иманбаева Прагада "интригаға толы" бейнеклип түсіріп келді" - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегері Айгүл Иманбаева театрындағы жаңалықтарымен бөлісіп, еуропада түсірген бейнеклипі жайлы ақпарат берді. 

ZHASALASH.KZ. "Су ортасында қалған Ахметов Астана тойына 1 миллиардқа  сыйлық жасамақ" - Су ортасында қалған Шығыс Қазақстан облысы Астанға бір миллиард теңгеге ән салатын су бұрқағын орнатып бермек. Ал облыс тұрғындарын әуреге түсірген қызыл су шығындары әлі есептеліп біткен жоқ.

"Ноғаев Қасымбекке неге қарсы шықты?" - 27-наурыз күнгі үкімет отырысында мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметі мен оны енгізу мәселелері де қаралды.

BAQ.KZ. "Психоаналитик: Қазақстандағы гомосексуализм мәселесіне назар аударуымыз қажет" - 7 жасар сарыағаштық баланың оқиғасы қоғамда резонанс тудырды. Қоғам белсенділері мұндай зорлық-зомбылықтың көп жағдайда соңына дейін тексерілмейтінін, тиісті адамдардың жазасын алмайтындарын айтып ашынды. Тіпті, қаржы жинап, «жәбірленуші» тарапқа тәуелсіз сараптама жасатпақ болды. Екінші тарап мұны баланың фантазиясына балап, ешқандай зорлау фактісі болмады деген пікірді ұстанды. Әзірге бұл іс қаралып жатыр. Кімдікі рас, кімдікі өтірік екені анықталмады. Baq.kz тілшісі «Зорлау фактісінің болғанын психологиялық сараптама қанша пайыз дәлдікпен көрсетеді?», «Құрбандық психологиясына және өзінен әлсіздерге қысым көрсетуге кімдер бейім келеді?», «Мұндай жағдайлардың қалай алдын алуға болады?», «Бақытты да өзіне сенімді тұлғаларды тәрбиелеп шығуымыз үшін не істеуіміз керек?» және т.б. сауалдар төңірегінде психоаналитик Анна Құдияровамен әңгімелескен еді.

EGEMEN.KZ. "Әлемдік астық нарығы және Қазақстанның әлеуеті" - Әлемдік экономиканың өсу көрсеткіші осыдан екі жыл бұрын айтарлықтай төмендеген тұста астық нарығы да біршама тұралап қалған еді. Артынша жаһандық сауда-саттық қайта жанданды. 2018 жылдың басында тіркелген есеп бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, Канада, Кытай және Жапония сынды әлемнің алпауыт экономикаларында қаржылық жағдай тұрақталды, өсім үлесі артты. Бұл ретте астық экспорттаушы елдер үшін жағдайдың тұрақты болғаны аса маңызды.

AIKYN.KZ. "ОБАЛЫ ҚАЙДА ҚАҒАЗДЫҢ?" - Қазақстанда қалың орман жоқ. Қағазды негізінен Ресейден аламыз. Қанша көршіміз, мәңгілік доспыз десек те Ресей өз қағазын тегін бермейді. Жыл сайын қағаз құны қымбаттайды. Бір ғана осы қағаз саудасы арқылы біздің ел орыс орманының орнын нақты ақшамен толтырып отыр.

"КЕМЕРОВО ТРАГЕДИЯСЫ: ЖАҒДАЙ ҚАЙТАЛАНБАСЫН ДЕСЕК…" - Қазақстан халқы Кемерово қаласындағы 64 адам қаза болған трагедияға қатысты қайғыларына ортақтасып, әлеуметтік желілер арқылы көңіл айтып жатыр. Сонымен қатар мұндай қайғылы жағдайдың бізде де болуы мүмкін екендігін айтып аңдаушылық білдіруде.

"ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ОРТАҚ ИДЕЯҒА ОЙЫСА МА?" - Орталық Азия – ежелден стратегиялық маңыз­ға ие өңірлердің бірі. XIX ғасырдың соңында КСРО мен Ұлыбритания арасында аталған аймақ пен Үндістан үшін талас туып, оған ағылшын зерт­теушісі Артур Конноли «Үлкен ойын» деген атау берген. Содан бері екі ғасыр уақыт өтсе де, ал­пауыт елдер қатысқан жеңімпазға Орталық Азия өңірін өз ырқына жығып алу мәртебесі бұйыратын «үлкен ойын» аяқталған жоқ, қайта жаңа ойыншылар қосылып, қиындығы мен қы­зығы арта түсті. 

TURKYSTAN.KZ. "ПАВЛОДАРДА "СЕРПІН" БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫҒАНДАРДЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ӨЗ ӨҢІРЛЕРІНЕ КЕТІП ҚАЛҒАН" - "Жастардың  өз өңірлеріне кетуіне  баспананың жоқтығы себеп болып отыр. Биылғы жылы 174 адам  техникалық және кәсіптік білім беру  орнын аяқтайды. Түлектерді алып қалу мақсатында колледждің әкімшілігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілдерімен,  кәсіпкерлер және   жасотандықтармен кездесу өткізуде", - дейді Сәуле Алекпарова.

"ПОЛИЦЕЙЛЕРДІ ПЛАНШЕТПЕН ҚАМТУҒА ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ?" - «Планшет және принтер» жиынтығы бойынша ең үлкен сома Ақтөбе облысына 207 млн. 480 мың теңгеге 100 комплект бөлінеді. Жақын арада Қаржы министрлігі байқау жариялауы керек.

"БҚО-ДА АҚБӨКЕНДЕР ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУДА" - Басылымның жазуынша, 21-22 наурызда Ақжайық ауданы Чапаево ауылы төңірегінде ақбөкендерге қолайсыз ахуал туындаған.

INFORMBURO.KZ. "Ұрық саудасы. Қалқан құлақ, қоңқақ мұрындылар жарамайды" - Елімізде шәуқат (шәует) тапсыратын донор тапшы. Сыйақысы төмен, талабы тым жоғары. Оның үстіне ұрығын тапсырғысы келетін елу еркектің тек екеуі ғана жарамды.

"Өміріңіз бен көлігіңізді сақтандыру үшін не істеу керек?" - Алған несиені, жаңа көлікті, сатып алған үйді оқыс оқиғалардан сақтандырып қоюға болады. Ақшаңыз болса, тіпті зейнетке де ертерек шыға аласыз.

28 наурыз 2018, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.