Атырау, 27 сәуір 09:04
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Шенген визасын алу жеңілдей түспек

2 167 просмотра


Еурокомиссия шенген аумағына кіруді жеңілдететін Еуроодақ визалық ережелеріндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біз ұсынған реформалар заңды құрметтейтін туристер үшін виза алу жұмыстарын жеңілдетеді. Сонымен бірге жаңа стандарттар бізге заңсыз енетіндердің жолын кеседі»,-деді Миграция, азамттық және іскі істер мәселелелерінің комиссары Димитрис Аврамопулос. 

Ең үлкен өзгеріс виза жасау уақыты 15 күннен 10 дейін қысқарады. Сонымен бірге виза алуға өтінішті үш ай бұрын емес, жарты жыл бұрын беруге болады. 

Ал өтініш беру жұмыстары толықтай электронды нұсқаға ауысады. Осыған сәйкес Еурокомиссия визалық жинақ құнын 20 еуроға көтеруді ұсынды. «Өтініштерді өңдеуге байланысты визалық жинақ құны 60 еуродан 80 еуроға көтеріледі. Бұл баға 2006 жылдан бері өзгермеген»,-дейді Еурокомиссия 

Сондай-ақ, шенген аумағына кіретін елдер үшін шекарада  жеті күнге арналған қысқа мерзімдік виза беру ұсынылды. Оған ие болған туристер виза берген елдің аумағында ғана бола алады. 

Ал Еуроодақ аумағына жиі келетін туристер 5 жылдық мерзімі бар визаға да қол жеткізе алады.

Дерекккөз: inform.kz

14 наурыз 2018, 23:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.