Атырау, 27 сәуір 03:09
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

МӘМС: алғашқы атыраулық миллиардтар

Бейнежазба
3 520 просмотра


Қазақстанда өтіп жатқан науқанға байланысты денсаулық сақтау мекемелеріне 611923 адам тіркелген. Атырау облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» шотына 2 млрд. 790 млн. теңге ақша түскен. Бұл жөнінде өткен брифингте жергілікті филиалдың директоры Байтолла ҒАЗИЗОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыстағы медициналық ұйымдарға қатысты шағымдарды «МСҚ: Халықтық бақылау» атты мобильді қосымшасы арқылы қабылдайды.

«АЖ» сұрақтары:

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында келісімшартқа қол қойған жеке меншік емханаларға қандай талаптар қойылады?

- Медициналық ұйымның базасы қажетті құралдар мен аппараттармен жабдықталуы тиіс. Азаматтарды қабылдайтын әр дәрігердің 3 медбикесі болуы шарт.

- Қорға жарнаны біресе аударып, біресе аудармайтын жұмыс берушіге қатысты қандай да бір шаралар қолданылады ма?

- Осындай жағдай кезінде қай қызметкерінің жарнасын кешіктірсе, сол қызметкеріне төленетін жарна көлеміне сәйкес өсімпұл (пеня) қосылады. Өсімпұл көлемі әр түрлі және бұл заңмен қаралған.

- Кейбір жеке клиникалар сіздермен серіктес болудан бас тартып жатыр. Осының себебі неде?

- Әртүрлі себептер бар ғой. Барлығы да ерікті түрде МӘМС қатысушысы бола алады,ешкімді күштемейміз. Мүмкін қойылатын талаптарға жауап бере алмағасын бас тартқан болар.

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 наурыз 2018, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.