Атырау, 27 сәуір 06:53
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Air Astana» жаңа Атырау-Франкфурт рейсін ашады

1 833 просмотра


2018 жылдың 26 наурызынан бастап ұлттық тасымалдаушы Атырау мен Франкфурт арасында дүйсенбі және жұма күндері Airbus A321-де екі класты ұшағымен (бизнес-класта – 28 орын, эконом-класта – 151) ұшуды бастайды. Атыраудан Франкфуртқа ұшу уақыты 5 сағатты құрайды.

Ұшу Lufthansa-мен кодшеринг туралы келісімі аясында жасалады.

Ричард Леджер, «Air Astana» әуекомпаниясының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті:

– Біз аймақтағы корпоративтік клиенттеріміздің саяхатын ыңғайлы ететін жаңа бағыттың ашылуы туралы қуана хабарлаймыз. Көмірсутек секторы үшін Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан Атырау қаласы ерекше маңызды. Сондай-ақ Lufthansa компаниясымен бірлескен ұшу туралы келісімшарттың кеңеюіне қуаныштымыз, ол жолаушыларға Lufthansa жаһандық ұшу желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өткен жылдың наурыз айында Астана мен Франкфурт арасындағы кодшеринг келісіміне қол қойылған сәттен бастап, «Air Astana» Франкфурттегі  бірінші терминалына рейстерін ауыстырды, бұл екі әуекомпания арасындағы рейстің түйісу уақытын қысқартты.

Атырау-Франкфурт рейсі – Франкфурт және Қазақстанды байланыстыратын үшінші бағыт. Сондай-ақ жолаушыларға аптасына Алматы мен Франкфурт арасында кодшеринг келісімі аясында Lufthansa-мен орындалатын  жеті рейс қол жетімді.

Дереккөз: 24.kz

12 наурыз 2018, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.