Атырау, 27 сәуір 09:44
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Кабулда теракт болды

2 371 просмотра


Ауғанстан астанасы Кабулдағы теракт кесірінен кемінде 4 адам жарақаттанды, - деп мәлімдейді Al Jazeera ақпарат агенттігі. 

ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даништың (Najib Danish) айтуынша, жұма күні қаланың шығыс бөлігінде шетелдік азаматтарға тиесілі көлік жанында жарылыс болған.

Полиция басшысы Бисмиила Табан (Bismillah Tabaan) жарылысқа өз-өзін жарып жіберген террористер себеп болғанын мәлімдеді. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кесірінен кемінде 1 адам қайтыс болып, төртеуі жараланды. 

Кабулда осы уақытқа дейін ИГИЛ мен "Талибан" исламдық топтарының ұйымдастыруымен бірнеше шабуыл болды. Қаңтарда шамамен 130 адам қайтыс болған екі шабуылды "Талибан" өз мойнына алды. 

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Ауғанстан оңтүстігіндегі өткізу-бақылау пунктіне жасаған шабуылынан кемінде 6 полиция қызметкері мерт болды. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

2 наурыз 2018, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.