Атырау, 27 сәуір 09:01
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Кеніштегі апатты жасыруға тырысқан

Сурет Бейнежазба
3 688 просмотра

Атырау облысының Жылыой ауданында ауданы 750 шаршы метр мұнай көлі пайда болды. 23 ақпанда «Морское» кен орнындағы бұрғылау алаңында мұнай төгіндісі орын алған.

Кен орны «Қожан» АҚ-қа тиесілі, бірақ оны қытайлық «Хуа шен да» ЖШС игеруде. Компания қызметкерінің айтуынша, бұрғылау жұмыстары кезінде №502 ұңғымада сорғы құбырының ысырмасы ұшып кеткен.

Жылыой ауданының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ «АЖ» тілшісіне телефон арқылы хабарлағандай, компания апат фактісін жасыруға тырысқан.

- Біз факт туралы кейін, 27 ақпанда білдік. Бұл оқиға туралы бізге - жергілікті атқарушы органдарға ғана емес, Төтенше жағдайлар департаментіне және Экология департаментіне де хабарламаған. Бүгінгі күні төгінді болған жерде олардың өкілдері жұмыс істеуде, алаң аумағы тазартылды, қалдықтар кейін жойылу үшін Маңғыстау облысындағы арнайы полигонға әкетілді.

Экология департаментінің мамандары ластану дәрежесін анықтау, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген зиянды бағалау үшін топырақ сынамасын алды.

–  Сараптама нәтижелері бойынша қоршаған ортаға тигізілген зиян анықталады, - деді  хабарлады Атырау облыстық экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Абзал ТЕМІРОВ. - Сондай-ақ, мұнай төгіндісі туралы дер кезінде хабар бермеген жер қойнауын пайдаланушыға қатысты шаралар алынатын болады.



Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті және бейнежазбаны куәгерлер жолдады

1 наурыз 2018, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.