Атырау, 26 сәуір 17:04
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Исекешовтің жиынында шу шықты», «”Назарбаев І Петр сияқты болғысы келеді”. Орыстар не деп жатыр?», «Си Цзиньпин "мәңгілік" лидерге айнала ма?», «Министрдің есебі елдің көңілінен шықты ма?​», «37-жыл. Ақпанның соңғы күндері кімдер атылды?».

2 266 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Си Цзиньпин "мәңгілік" лидерге айнала ма?» - Пекинде Қытай коммунистік партиясының 19 шақырылымдағы орталық комитетінің үшінші пленумы ашылды. Ал жексенбі күні орталық комитет ҚХР конституциясына түзету енгізу ұсынысын ресми түрде жариялады. Комитет конституциядан «Коммунистік партия төрағасы мен оның орынбасары қызметін екі мерзімнен артық атқара алмайды» деген сөйлемді алып тастауды ұсынады.

«Назарбаевтың жастық шағы өткен қаладағы "жұтаң аудандар"» - Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған қала ретінде мақтанышпен атайтын Теміртаудағы кей аудан тұрғындары өздерін жергілікті билік "ұмытып кетті" деп санайды. Ал билік проблемаларды бір күнде шешу мүмкін емес деген уәж айтады.

ZHASALASH.KZ. «Исекешовтің жиынында шу шықты» - Астана қаласының əкімі Əсет Исекешовтің есептік жиынында шу шықты. Залда отырған бір топ үлескерлер əкімнің баяндамасы біте салысымен микрофонға ұмтылып, шу шығарды.

ABAI.KZ. «37-жыл. Ақпанның соңғы күндері кімдер атылды?» - Былтыр және биыл «үлкен террор» деп аталған қанды саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толады. Сонымен қатар, Алаш үкіметінің құруына, Алаш мемлекетінің туының көтеруіне де, Қазан төңкерісі мен кеңес үкіметінің орналастыруына да бір ғасыр толды. Сталиндік қызыл террор Алаш зиялыларын да, кеңес үкіметті орналастырғандарды да аяған жоқ.

365INFO.KZ. «Мүфтият салафиттерді тоқтата ала ма?» - Өткен жылдың аяғында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, бас мүфти болып Серікбай Ораз сайланған еді. Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Малғажыұлы Алматыдағы қазақ-египет «Нұр» ислам университетіне басшы болып тағайындалды. 

«Әкем әкім болғасын… Нұрқаділовтың қызы сырын айтам деп, шынын айтты» - Еліміздегі ең танымал дизайнерлердің бірі, ұлттық сән өнерінің іргетасын қалаушы, оны насихаттаушы Марқұм Заманбек Нұрқаділовтың қызы Құралай «Рейтинг» газетіне берген сұқбатында өзінің сән әлеміне қалай келгені және қазақ дизайнерлердің ерекшелігі туралы айтыпты, деп жазады Oinet.kz.

«”Назарбаев І Петр сияқты болғысы келеді”. Орыстар не деп жатыр?» - Теріскейдегі көршіміз елімізде орын алып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды үнемі жіті бақылап отырады. Қазақ жазуының, әліпбиінің жаңарып, жаңғыруы, яғни латынға көшуі де ресейлік баспасөздің назарынан тыс қалмапты.

JASQAZAQ.KZ. «Банктерге қызметтері үшін комиссия алуға тыйым салынады» - Банктерге несие берумен және қызмет көрсетумен байланысты шоттар бойынша комиссия алуға тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті.

AIKYN.KZ. «Министрдің есебі елдің көңілінен шықты ма?» - Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2018 жылы алда тұрған міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.


1 наурыз 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.