Атырау, 27 сәуір 05:30
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қала "қызғалдақтары"

Сурет Бейнежазба
2 787 просмотра


27 ақпанда Атырау қаласы мәслихатының кезектен тыс XX сессиясы өтті. 8 наурыз көктем мерекесі қарсаңында депутаттар әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия төрағасы, қала әкімінің орынбасары Полымбет ХАСАНОВТЫҢ статистикалық есептеулерге толы баяндамасын тыңдады.

2018 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша мұнай астанасының тұрғындары 326 мың адамды құраған, олардың 168 мыңы - әйелдер; яғни, ерлер оларға қарағанда 10 мыңға аз. Мәслихаттың өзінде нәзік жандардың 4 өкілі бар, қалалық әкімдіктің үш жүз қызметкерінің екі жүзі - әйелдер.

Полымбет ХАСАНОВ

Өткен жылы облыс орталығында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдерге қатысты құқыққа қайшы 563 іс-әрекет тіркелген, бұл 2016 жылға қарағанда екі есе аз. Сауалнама нәтижелері бойынша, олардың 48%-ы – алкогольді сусын ішуден, 21%-ы - қызғаныштан, 16% - мәдениеттің төмендігінен, 15% - қиын материалдық жағдайлардың салдарынан ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілікке ұшыраған.

- Атыраудағы әйелдер түзету колониясы 225 орынға есептелген, қазір сол жерде 212 сотталушы жазасын өтеп жатыр. Біз көмек көрсетіп, бақылау жасаймыз, - деді Хасанов.


Мәжіліс сыртында «әйелдер» мәселесін талқылау жалғасын тапты. Қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ депутаттарға өткен жылы Атырау облысында жалғызбасты аналар саны басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай көбейгенін айтты.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

28 ақпан 2018, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.