Атырау, 26 сәуір 19:59
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Өртке оранған көліктер

3 255 просмотра


Атырау облысында көлік өртену оқиғалары көбейді. Өткен жылы олардың саны 86 болса, биылғы жыл басынан бері - 15-ке жеткен. «АЖ» тілшісі осындай жиі көлік өртену себептерін анықтады.

- Қазіргі заманғы көліктер 5-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді, бұл жағдай көлік иесінің көз алдында жиі орын алады. Машинаның тек қара темір қаңқасы қалады. Бұл ескі жеңіл көлікте де, жаңасында да пайда болуы мүмкін, бірақ ескі көліктер жиі жанады, - дейді Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Аслан КАМАЛОВ.

- Бұл неліктен орын алады?

- Электр жабдығының ақауы және көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Сондықтан электр жабдықтары мен дабыл жүйесіндегі ақаулықтарды тез арада жою қажет. Қыста көптеген жүргізушілер қозғалтқыштарын өрт қаупі бар материалдармен жылытады. Айтпақшы, көп жағдайда өрт сөндіргіш қол астында болса, өртті жүргізушілердің өздері сөндіре алар еді. Ол көбінесе жоқ немесе жарамсыз болады.

Көліктері өртенген жүргізушілер өздерінің жағымсыз естеліктері мен ащы тәжірибесін тілшімен бөліскісі келмеді. Олардың бірі тек: «Машинам қайтып келмейді. Ол 1992 жылы шығарылған еді. Бұл менің кінәм емес, ол тұрды да, өртеніп кетті» деді. Тағы біреуі оны біреулердің өртегеніне сенімді, бірақ полицияға жүгінбеген.

Ал көлік жөндеу орнының қызметкері Виталийдің пікірі мынадай:

- Иә, соңғы кездері жиі өртенетін болған. Әртүрлі себептер болуы мүмкін. Біріншіден, отынның ағуы. Цилиндрдің қызған блогына түскен бензиннің бірнеше тамшысынан өрт тұтануы мүмкін. Сондықтан қозғалмас бұрын көлікте бензин иісі жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Тағы бір себеп – электр сымының қысқа тұйықталуы. Газбен жүретін көлікте өрт қаупі едәуір үлкен.  Әдетте бактан редукторға дейін немесе бүріккішке дейін жалғанған түтіктің бүлінуі өртке себеп болады.

Осындай оқиғалар туралы кейбір жүргізушілердің пікірлері мынадай.

Айбек:

- Жазғы ыстықта машиналардың өртену қаупі арта түсетінін естідім. Сондықтан көлікті көлеңкеде қалдыруға тырысамын.

Андрей Артемов:

- Бәріне жүргізушілердің өздері, олардың абайсыздығы мен бейқамдығы кінәлі. Бір күні адамның көлігіне май құйып жатып, шылым шеккенін көрдім. Сосын барлық аула бақылау камераларымен жабдықталуы тиіс - сонда қасақана өртеу жағдайлары азаяды.

Асылбек Орынбаев:

- Көлікте зауыттық ақаулар болуы мүмкін. Сондықтан көлікті сатып аларда өте мұқият болу керек

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

26 ақпан 2018, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.