Атырау, 26 сәуір 22:12
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қалаға дейін жаяулатып...

Сурет Бейнежазба
3 982 просмотра


Жарты жылдан бері Химпоселок ауылынан Атырау орталығына қатынайтын №7 маршрут бойынша автобустар жүрмей қалған.

- Стройконтораға дейін таксимен 100 теңге беріп жетіп аламыз. Ары қарай баратын жерімізге автобусқа отырамыз. Ал кешке ешкім 100 теңгеге Химпоселокке дейін әкелмейді. 500 сұрайды,- дейді ауыл тұрғыны Өкила. - Осылай жүргенімізге қаншама уақыт өтті, бұл жақта адам тұрады-ау деп біреуі де ойламайды ма? Депуттатты сайладық, өтіп алғаннан кейін атын да ұмытып қалдық, түрін де көрмедік.  


 Зинаида: - Таксиге бір күні мінсек, бір күні ақша болмайды. Қоғамдық көлік тоқтағалы қиын болды. Немерем №13 гимназияда оқиды. Сабағына жая барып жүр.  

№7 маршрут неге жүрмейді? - біз «Смарт Атырау» КММ директорының м.а. Л.РЫСПАЙҒА сауал жолдадық.

- 14 шақырымға созылатын Лесхоз ықшам ауданы – Авангард ықшам ауданы – Химпоселок – Қара депо» бағытындағы №7 маршрутқа «Атырау такси» ЖШС 2014 жылдан бастап қызмет көрсетіп келді. Алайда, 2017 жылы тасымалдаушы мекеме көрсетілген бағыттың ұзақ әрі тиімсіздігін айтып, қызмет көрсетуден бас тартты,- дейді Рыспай. - Бұл мәселе қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімімен өзара талқыланып, нәтижесінде тасымалдаушы «Автомобиль» жеке кәсіпорынымен уақытша келісімшарт жасалып, «Қара депо – Химпоселок – Авангард ықшам ауданы» бағытында 4-5 шағын автобус (газель) қызметке кірісті. Алайда қазір олар да жүрісін тоқтатты. Мәселені шешіп жатырмыз.

Әскербек НҰРМҰҚАНОВ, Химпоселок тұрғыны:  Химпоселок – облыс орталығының шеті, автобусқа мінетін тұрғындар аз болғандықтан тасымалдаушыларға тиімді емес, сондықтан жүргілері келмейді. Қаланың дәл іргесінде тұрып-ақ, көрініп тұрған жерге бару үшін Стройконтораны айналып келеміз. Мәселені басқаша шешу керек деп есептеймін: Канцев көшесіне тіке өтетін көлік жолын салу керек.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

Видеоны тұрғындар жіберді

23 ақпан 2018, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.