Атырау, 27 сәуір 08:13
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Шенген аймағының кейбір елдері Грузиямен визасыз режимді тоқтатпақ

1 541 просмотра


Былтыр наурыз айында Грузия үшін Еуроодақпен арада визасыз қатынау тәртібі орнады.

Бұл бүкіл ел үшін үлкен мереке болғаны рас. Алайда арада бір жыл өтпей жатып Шенген аймағының кейбір елдері визасыз режимді тоқтатуға ниет білдіріп отыр.

Грузияның Еуроодақпен визасыз қатынау тәртібі тоқтай ма? Бұл – қазіргі таңда қауымда талқыланып жатқан ең өзекті сауал. Себебі Еуропаның кейбір елдері: Германия, Исландия мен Швеция Грузиядан босқын мәртебесін сұрап келушілер көптігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Мысалы, былтыр Швециядан Грузияның 1105 азаматы баспана сұраған. 963 өтініш қарастырылып, кері қайтарылған. Бұл жағдай ел үкіметін алаңдатса керекті. 

Михаил Джанелидзе, Грузияның сыртқы істер министрі:

- Грузия үкіметі серіктес елдердің алаңдаушылығына мән бере отырып, заңнаманы қатайту жолында маңызды қадамдар жасауға ниетті. Сонымен қатар серіктес елдермен ынтымақтастықты жандандырып, мемлекет деңгейінде ақпараттық науқандар жүргізетін болады. Үкімет бұл қадамға баспана сұраушылар санының қатары күрт артып, осы үрдіс визасыз қатынау тәртібін тоқтатуға кері әсер тигізбеу үшін барып отыр. 

Баспана сұраушылар санының көптігі Еуроодақ елдеріне келген азаматтардың отанына қайтқысы келмеуіне байланысты белең алса керек-ті.  

Петре Мамрадзе, саясаттанушы:

- Көпшілігі Еуропада қалуға тырысады. Негізгі мәселе грузиндердің баспана сұрағаны болып отыр. Өйткені жұмыссыздық, жалақының аздығы секілді экономикалық факторлар оларды елінен кетуге мәжбүрлейді.

Германия ішкі істер министрі егер де баспана сұраушылар саны көбейе берсе, визасыз тәртіп тоқтатылу мүмкін екендігін ашық айтты. Алайда Грузия үкіметі заң бұзғандарға қатысты қатаң шара қабылдап, қысқа мерзім ішінде бұл мәселені шешуге уәде берді.

Дереккөз: 24.kz

23 ақпан 2018, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.