Атырау, 26 сәуір 18:21
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Банкноттар кириллицадан латын әліпбиіне біртіндеп аударылады – Абаев

2 286 просмотра


Кириллицалы әріптермен банкноталар біртіндеп айналыстан шығарылып, латын әліпбиімен белгіленеді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

«Банкноттар уақыт өте келе өзгеріп отырады. Бірақ бұл шығарылатын ақшаның дәл қазір айналысқа шығатынын білдірмейді», – деді министр.

Жалпы алғанда, Ақпарат және коммуникация министрі латын графигіне негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы өнімді, әрі арзан болады деп есептейді.

«Қазақстанда латын әліпбиін техникалық енгізу бойынша жұмыс тобының аясында үлкен жұмыс жасалды. Бізде және осы бағытта жұмыс істеген мамандарда белгілі бір сұрақтар туындады. Оның ішінде апострофқа қатысты. Себебі бұл мүлдем бөлек арнайы белгі. Яғни, ол іздестіру және белгілі бір алгоритмдер және қаржы айналасындағы сөздердің жазылуын қиындатып жібереді», – деді Абаев.

Ол, сондай-ақ мемлекет басшысының мамандарды, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласындағы пікірлерін тыңдағанын атап өтті.

«Латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша әртүрлі мамандарды тарту жеткілікті екенін білесіздер. Менің ойымша, жаңа нұсқа әлдеқайда жақсы, әрі тиімдірек», – деді министр.

Дереккөз: 7kun.kz

21 ақпан 2018, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.